• Ақпарат
  • 17 Ақпан, 2016

Ақпараттандырудың маңыздылығы

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысқан семинар өтті. Семинарды Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос жүргізді. Жиында сайлауды ақпараттық сүйемелдеу және сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру ережелерін сақтау жайы сөз болды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен баяндама жасап, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін электораттық кезеңде БАҚ қызметін ұйымдастыруға қатысты сайлау заңнамасының ережелеріне, партиялар мен кандидаттардың сайлау алдындағы үгіттерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарына, сондай-ақ сайлау науқаны барысын жариялаудың негізгі қағидаларына тоқталды. «Сайлау күні және оның қарсаңындағы күні үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, эфирге шығаруға ­тыйым салынады. Бұрын орналастырылған материалдарды интер­нет-ре­сурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді. Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды сайлау алдындағы үгітіне байланысты мерзімді баспа басылымының таралымы барлық партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар үшін бірдей болуға тиіс» деді Л.Сүлеймен. Сонымен қатар сайлау алдындағы үгіт материалдарын таратуда кімдерге тыйым салынғанын атап өтіп, партиялық тізімдері тіркелген саяси партияларға, мәслихат депутаттығына тіркелген кандидаттарға баспасөз бетінен орын беру тәртібін тілге тиек етті. Жиын барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы Т.Қазанғап, Бас прокуратураның Әлеуметтік-экономикалық саланың заңдылығын қадағалау департаменттің басшысының орынбасары Н.Сүйіндіков сөз сөйлеп, БАҚ-тың сайлау үдерісіндегі қызметінің маңыздылығына, үгіт жүргізу науқанын құқықтық реттеу мәселелеріне тоқталды. «Сайлау туралы» Заң талаптарының орындалуын қадағалап, сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету – БАҚ-тың басты міндеті екендігі айқын.

Бағдагүл Балаубаева

2516 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

04 Желтоқсан, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы