• Білім және ғылым
  • 17 Ақпан, 2016

«Тәуелсіз Қазақстан нышандары»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында жылдың басты оқиғасы – Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан символдары» атты әртүрлі форматтағы іс-шаралар топтамасы таныстырылды.

Келелі кездесуге жиналған Үйлестіру кеңесінің өкілдері Елбасы кітапханасымен бірлесіп жүзеге асыратын жобалардың тұсаукесерін ұсынды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Б.Әбдірәсілов Елбасы кітапханасымен тығыз серіктестікте жұмыс жасай отыра жастардың түрлі санатымен жаңа әлеуметтік жобаларды табысты іске асырғандарын, мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру мен дамыту жөнінде тың идеялар мен бастамаларды жинақтағандарын алға тартты. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Н.Калашникованың айтуынша, өткен жылы кітапханамен бірлесіп іске асырған «Мың бала» жобасына қызығушылық жоғары болып, мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдірушілер саны артқан екен. Сондай-ақ, тұсаукесер шарасына қатысқан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, «Қазақстанның жастар конгресі» ұйымы, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық ұйымы және өзге де ұйым-мекемелердің өкілдері Елбасы кітапханасымен бірлесіп мұндай іс-шараларды жүзеге асыруға ­дайын екендіктерін білдірді.

Ақылбек САТЫБАЛДИН Астана

2757 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

04 Желтоқсан, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы