• Мәдениет
  • 22 Ақпан, 2009

«Қызыл телпек» Оралда жүр

Батыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрында Шарль Перро ертегісінің ізімен «Қызыл телпекті қыз» (пьеса авторы Александр Заболотный ) қойылмақ.Театр директоры Құжырғали Төлеуішев аударған туындыны Орынбор облыстық қуыршақ театрының әртісі Рамиль Рахимов сахналағалы отыр. Осыған дейін Қ.Төлеуішевтің «Үш қоян мен бөлтірігі» де қойылған еді. Жалпы, театр репертуарында он шақты ертегі бар. Енді театрда әр жексенбі сайын балаларға арналған қойылымдар жас көрермендерге ұсынылатын болады. Шығармашылық ізденістерінің арқасында еліміздегі жас театрдың репертуары жаңа туындылармен күннен-күнге толығуда. Аталған өнер ордасында жақында ғана театрда Египет драматургі Таупиқ Әл-Хәкімнің «Сұлтанның сасқаны-ай» атты шығармасы бойынша қойылған спектакльдің премьерасы болған.

4816 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы