• Мәдениет
  • 22 Ақпан, 2009

Кино корифейіне құрмет

Павлодар қаласындағы Бұқар жырау атындағы облыстық мұражайда қазақтың көрнекті кинорежиссері, әртісі Шәкен Аймановтың 95 жылдығына арналған көрме ашылды.Көрмеге қойылған жәдігерлер қатарында тарихи фотосуреттер, құжаттар және басқа да павлодарлықтардың атақты жерлесінің өмірі мен шығармашылығы туралы құнды дүниелер қойылған. Қазақ әдебиетіне, ғылымына талай таланттарды сыйлаған қасиетті Баянауыл топырағы – өнер жұлдызы Шәкен Аймановтың да кіндік қаны тамған жер. Мұражайдағы әртістің бала кезіндегі және отбасындағы суреттерімен қатар, қойылымдар мен кинофильмдердегі кейіпкерлерінің образдарында түскен фотосуреттері де өнер алыбының өмірінен сыр шертеді. Көрмеге келушілер Шәкен Аймановтың Алдар көсенің рөліне түскенде киген түлкі тымақты та көріп қызықтай алады. Ақпанның 16-сы – Шәкен ағаның туған күні. Сол күні көрме қонақтарына қазақ киносының алтын қорына енген «Тақиялы періште» фильмі ұсынылады.

3036 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы