• Ақпарат
  • 08 Сәуір, 2010

Ардагерлерге баспана беріледі

Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Алматыдағы ардагерлерінің барлығы баспанамен қамтамасыз етіледі. Кеше Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов: «Жеңістің 60 жылдығында, яғни 2005 жылы ардагерлердің біразын пәтермен қамтамасыз еттік. Осы бес жыл ішінде 181 ардагер кезекке тұрған. Қазір олардан 123 ардагер қалды. Биыл біз олардың бәріне пәтер береміз», – деп уәде берді. Қазіргі таңда Алматыда 1600-ге жуық соғыс ардагерлері бар екен. Олардың жартысы – мүгедектер. Ардагерлерге мемлекеттен көмек ретінде биыл Үкіметтен 65 мың теңге, ал қала әкімшілігінен 25 мың теңге беріледі. Сондай-ақ соғыс ардагерлері тұратын пәтерлердің коммуналдық қызмет ақысын бір жыл төлеп тұруды Алматы әкімшілігі өз мойнына алды. Ал кезекте тұрған баспанасыз ардагерлердің барлығы 9 мамырда пәтер кілтіне ие болады. Алматы әкімшілігі көтерген мұндай игі бастама өзге де аймақтар тарапынан қолдау тапса абзал болар еді.

2751 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

24 Сәуір, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы