• Ақпарат
  • 08 Сәуір, 2010

«Ежелгі түркілер келбеті»

Сақтар мен ғұндардан кейін тарих сахнасына шығып, жер жүзін дүр сілкіндірген халық ежелгі түркілер деп есептейді ғалымдар. Өздерінен мәңгілік ешнәрсе қалмасын аңғарған олар мәңгіліктің символын тастардан көрген. Олар болашаққа тастарды қашап, жазу қалдырған. Бұл – біздің тарих. Болашақтың тарихы. Демек, оны әр ұрпақ санасына сіңіріп отыру бәрімізге міндет. Осыны көздеген «Шежіре» галереясының ұжымы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Ежелгі түркілер келбеті» атты бірегей фотокөрме ұйымдастырды. Қазақстанда осы көрмеде біздің арғы бабаларымыздың кескіні алғаш рет ұсынылып отыр. Келушілер әр суреттен Эрмитаж, Мемлекеттік тарихи мұражай, Шығыс халықтарының мұражайы, Хакасия мұражайы қорларында сақталған бұдан 1500-2000 жыл бұрынғы артефактілерді тамашалайды. Гипспен боялған бетперделер, Оңтүстік Сібірдің бейіттерінен және сағаналарынан археологтар алған ежелгі түркілердің портреттік кескіндері де осы жерде кездеседі.

3301 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

24 Сәуір, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы