• Әдебиет
  • 08 Сәуір, 2010

Он алтыншы қарасөз

Қазақ құлшылығым құдайға лайықты болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды қылып, жығылып тұрса болғаны. Саудагер несиесін жия келгенде, «тапқаным осы, біттім деп, алсаң – ал әйтпесе саған бола жерден мал қазамыз ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді. «Оқымадың демесе болад тағы, тілімнің келмегенін қайтушы ед» дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па?

1992 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

24 Сәуір, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы