• Ақпарат
  • 22 Ақпан, 2009

Ақын атын ардақтаған

Ақиық ақын Мұқағалидың туған күніне орай биыл да «Мұқағали мұрасы» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен Алматыдағы Республика сарайында ақын шығармашылығына арналған дәстүрлі өнер кеші өтті.«Мұқағали мұрасы» продюсерлік орталығы және «Сауап» қайырымдылық қоры белгілеген Мұқағали атындағы сыйлыққа ақын мұрасын насихаттап жүрген азаматтар ұсынылды. Аталған сыйлықтың иегері атанып, арнайы диплом мен төсбелгі тапсырылғандардың қатарында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, ғалым Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақ радиосының бас директоры, ақын Жүрсін Ерман, ақын Оразақын Асқар, Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Тоққожа Қожағұл, республикалық әдеби-мәдени, танымдық «Мұқағали» журналының шығармашылық ұжымы бар. Бес жыл бойы өткізіліп келе жатқан шараның ұйымдастырушы тобына Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі берілді.

2939 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы