• Ақпарат
  • 22 Тамыз, 2018

«Климат» деген сөздің мәні қандай?

Сірә, «климат» сөзі құлаққа ұқсас естілетін «клинейн» және «клима» деген грек сөздерінің бірінен немесе тіпті екеуінен де шыққан болуы мүмкін. Бұл сөздер біздің тілімізде «қиғаштау» және «аудан» немесе «аймақ» дейтін мағынаны білдіреді. Кейбір ғалымдардың пікірінше, көне гректер климатты белгілі бір жердің ендігіне, яғни сол жерді жылытатын күн сәулесінің түсу қиғаштығына байланысты болады деп түсінген, содан осы термин қалыптасқан сияқты, тағы бір ғалымдардың пайымдауын­ша, гректер климат жағдайының тек белгілі бір жерге, яғни ауданға немесе аймаққа ғана тән болатынын білген болуы керек. Ал қазіргі ғалымдар климатты комплексті ұғым ретінде, күллі мұхит – атмосфера системасының бірнеше ондаған жылдар бойғы бүтіндей бір жиынтығы деп қарастырады. Климат дегеніміз – белгілі бір ауданның физикалық-географиялық сипаттамаларының бірі, сондықтан ол, ең алдымен, сол ауданның географиялық орнына, яғни ендігіне, құрлық пен теңіздің орналасуына, құрлықтың сипатына орай айқындалады. Кез келген аудандағы климаттың қалыптасуына оның теңіз деңгейінен қаншалықты биікте жатқандығы, ал теңіз жағалауы мен аралдағы елдердің климатына мұхиттың ағысы зор ықпал етеді.

18775 рет

көрсетілді

9

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №36

12 Қыркүйек, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы