• Қоғам
  • 07 Қазан, 2010

Қазақстан дағдарысты тез еңсерді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Польшаның экс-президенті Александр Квасьневски мен Авс­трия Республикасының федералдық экс-канцлері Альфред Гузенбауэрді қабылдады.

Әңгімелесу барысында ха­лық­ара­лық күн тәртібіндегі өзекті мә­селелер бойынша пікір алмасылды. Кездесуден кейін брифингте А.Гузенбауэр біздің республика астанасындағы құрылыс қарқынына таңданысын білдірді. – Менің бұл астанаға үшінші рет келуім. Астана жедел қарқын­мен дамып отыр. Онда халықара­лық деңгейдегі архитектуралық соны үлгілер бой көтерген. Мен Тәуелсіздік сарайында болдым, қаланың даму жобасын көрдім. Бұл мені өте риза етті. Әлемде жаңа астанасы тақыр жерден басталып тұрғызылған мемлекет көп емес. Бұл үшін көп күш жұмсауды талап етеді, – деді ол. А.Гузенбауэр сондай-ақ Қазақ­станның ЕҚЫҰ-ға төраға­лығына да жоғары баға берді. – ЕҚЫҰ-ның Стамбулда сам­ми­ті болған уақыттан бергі он бір жыл бойы көптеген елдердің үкімет­тері осындай форумды ұйымдас­тыруға қадам жасады, бұл тек Қазақстан­ның ғана қолынан келді. Осының өзі – үлкен жетістік. Екіншіден, саммит осы беделді ұйымдағы Қазақстанның маңыздылығын атап көрсетеді. Мен сіздердің республикаларыңыз үшін бұл саммитті ұйымдастыру бәрінен бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың беделінің арқасында мүмкін болды деп ойлаймын. Көп мемлекеттің басшылары мұндай үлкен кездесуге Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа деген жеке құрметі үшін келеді, – деп атап өтті А.Гузенбауэр. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға тө­ра­ғалығы қызметіндегі ба­сым­­дықтарының бірі – толе­рант­тылықты дамыту. Альфред Гузен­бауэр бұл дұрыс басымдық деп санайды. Себебі әртүрлі мәде­ниеттер, ұлттар мен діндер өкіл­дерінің арасындағы өзара қарым-қатынас проблемасы, әсі­ресе, Еу­ропада өте өзекті. – Мен еуропалық елдерге көп ұлтты қоғамның бай тәжірибесі бар елден үйрену пайдалы болар еді деп санаймын. Өйткені болашақта көпұлттылық ерекше бір жағдай емес, жаппай тәртіпке айналады, – деді Австрияның федералдық экс-канцлері. Альфред Гузенбауэр Қазақ­стан­ның экономикалық табыстарына да жоғары баға берді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың дағдарысқа қарсы бағдарламасы өзге мемлекеттер үшін үлгі бола алады деп санайды.

2395 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №49

12 Желтоқсан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы