• Әдебиет
  • 19 Ақпан, 2009

«Айтпасаң сөздің атасы» демекші, менің айтарым бар

Ұланғайыр қазақтың даласында қалалар да болғаны анық. Соның бірі – Қызылжар қаласы. Солтүстік Қазақстан өңірінде өмір сүрген, өмірден өткен қандастарымыздың, қазіргі замандастарымыздың орындалмай жүрген асыл арманы не десе, мен айтар едім, ол ешуақытта шешуін таппаған, жүректің төріндегі әр қазақтың асыл арманы тілегі – облыс орталығының атын ежелгі өз атымен атау. Тағдырдың жазуымен, үстем ұлттың, патшалы Ресейдің өкімімен православие пайғамбарларының Петр мен Павелдің атымен аталған, облысымыздағы жалғыз қаланың атын өзгертіп, өзінің шын атын қайтару қиынның қиыны болып тұр. Қаламыздың Қызылжар қаласы екенін барлық ұлттар жақсы біледі. Ақпарат құралдары ол туралы көп жазғанмен, қандай алапат күш жол бермей тұрғанына таң қаламыз. Сонда қазақтардың намысы тапталып, жігері құм болып жатқанын неге түсінбейді? Демократия деген тек басқа ұлттың көңіліне қарап, өзіңді құрбандыққа шал деген емес қой. Өз еліңде тұрып әлі күнге дейін патшалы Ресейдің қол астында жүргендей болуға бола ма? Жетті, болды, есіміз барда елімізді табайық, халықтың орындалмаған, сан ғасыр бойы армандаған асыл арманын іске асырайық дейтін азаматтар жоғарыда бар ма екен? Билік иелері түрлі сайлау кездерінде басқа ұлттардың дауыстарына ие болу әр түрлі құйтырқылыққа баратынын көзіміз көрді. Бір ағамыз әке-шешесі қазақ бола тұра, Сенатқа сайлану үшін өмірбаянына «шешесі орыс, нағыз интернациолист» деп жазды. Сол сияқты қандай да бір сайлауда көп дауыс алу үшін қазақтар басқа ұлттың жетегінде кете бермек пе? Қазаққа қатысты қайта жазып, бұрынғы хандық дәуірді жоққа шығарып,кейін барлық жақсы-жайсаңдарды

3138 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы