• Тарих
  • 09 Желтоқсан, 2010

Болашаққа – кеңейтілген біліммен

d0bdd0b0d0b7d0b0d180d0b1d0b0d0b5d0b210

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Назарбаев университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының студенттері мен профессор-оқытушылары құрамы алдында дәріс оқыды.

Мемлекет басшысы дәріс кезінде «Назарбаев университетінің» болашағына да тоқталды. Елбасының атап өткеніндей, бұл жаңа университет АҚШ, Еуропа және Азиядағы әлемдік білім беру орталықтары­мен интеграциялануға, ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. Осыдан жарты жыл бұрын ашылған бұл оқу орнында бо­лашақта 4 мыңнан астам студент білім ала­тын болады. Ал бүгінде университеттің ау­­ди­торияларында 484 студент оқып жатыр. Сту­денттердің барлығы – оқуға емтихан тап­сы­ру арқылы қабылданғандар. Студенттердің жар­тысы – «Алтын белгі» медалінің иегер­лері, сондай-ақ республикалық және халықа­ра­лық олимпиадалардың жеңімпаздары. Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев жаңа университетті құру идеясы қалай туындағаны туралы айтты. Президенттің атап өткеніндей, осыдан 5 жыл бұрын Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына қосу міндетін қойды. Сол міндеттердің бірі – елдегі білім және ғылым саласына терең өзгерістер енгізу болды. Қазақстан Президенті өз дәрісінде Астанадағы жаңа университетті Еуразиядағы ірі ғылыми білім беретін орталыққа айналдыру керектігін айтты. Маңызды ұлттық жоба ретінде танылатын бұл оқу орнын құруды Елбасының өзі жеке қадағаламақ. Ол Астананы дамытуға, сондай-ақ біздің еліміздің барлық салаларын дамытуға жүйелі түрде әсер етеді. Жаңа университет ерекше мәртебеге ие болады, ол арнайы заңнамалық актілерге негізделіп, іс-әрекет етпек.

Мемлекет басшысы бұдан соң елдегі индустриялық жобалардың жүзеге асырылу барысына, оларға мемлекет тарапынан қаншалықты қаржы қарастырылғанына көңіл бөліп, университетті бітіретін түлектерді жұмысқа орналастыру жайына тоқталды. Осыған байланысты Елбасы Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Студенттердің ауқымды бөлігі 1 жыл базалық курста оқығаннан кейін оларды инженерлік мамандықтарға оқыту жоспарланып отыр. Үкімет қазірдің өзінде жаңа университеттің түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуі тиіс. Президент жаңа университеттің бірде-бір түлегі назардан тыс қалмайтындығын атап өтті. Бұл мәселелерді Президент Әкімшілігі бақылауда ұстайтын болады. Мемлекет басшысы сондай-ақ білім беруді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі ке­зеңге арналған мемлекеттік бағ­дарламасымен де таныстырды. Жаңа бағдарламаның мақсаты – кез келген қазақстандықтың кеңейтілген жүйеде білім алуы­на және кәсіби біліктілігін арттыруға қолжетімділік тудыру. Бұлардан бөлек Қазақстан Президенті өз дәрісінде физика саласы бойынша жоғары энергиялық, энергия үнемдеуші технологиялық-энергетикалық зерттеу орталықтарын, жел және күн энергиясын көптеп пайдалану қажеттігіне тоқтала келіп, жаңа университетте өмір туралы ғылыми орталық құрылғандығын атады. Сонымен бірге елімізде медицина саласын дамытудың болашағына тоқталып өтті. Елбасы студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды. Назарбаев университетінде Лон­доннан келіп, студенттерге дә­ріс беріп жүрген Кристина Хоффман ханым осынау оқу орны­ның бүгінгі таңда атқарып отыр­ған маңызы мен рөліне тоқталды. Назарбаев университетінде өткен лекцияның тағы бір ерекшелігі – оған Еуропа ел­дерінің бұрынғы басшылары қонақ ретінде қатысып, сөз сөйледі. Олар – Герхард Шредер, Романо Проди, Марселино Агирре Орейа, Альфред ГузенБауэр. Нұркен ЖАНДӘУЛЕТҰЛЫ

2780 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы