• Ақпарат
  • 22 Желтоқсан, 2010

Бейәдептілік қоғамды бүлдіреді

Соңғы кездері БАҚ-да қазақ порнофильмдері туралы жиі айтылатын болды. Бұл мәселе қоғамда пікірталас та тудырып жүр. Елде бұрын-соңды кездестірмеген жағымсыз дүниелердің пайда болуы елең еткізді.

Батыстық порнофильм болса оған назар аудармас едік. Оны қайда көрсетпей жатыр, видео дейсің бе, DVD дискі, интернет, телеарналарда... барлық жерде бар. Оны қалыпты жағдай ретінде қабылдап қойғанбыз. Бұл жерде мә­селе қазақ порнофильмі туралы болып отыр. Мұндай «өнер туындысын» шығару кімнің ойына келген екен, ол жағы әзірше беймәлім. Ең бастысы, уақыт создырмай, дер кезінде шара қолданған дұрыс. Әсіресе, орыстілді телеарналардың жарысып, бейне-сю­жеттерінде анайы көріністерді жар­қыратып, жарнамалатып көрсетуі – тым шектен шыққандық. Бұл арада КТК телеарнасындағы «казахский порнофильм» деген атқа ие болған бейнематериалды айтып отырмын. Біраз уақыт бұрын бұл тек осы телеарнада ғана емес, өзге БАҚ-да да көрініс тапқан. Бұл көрсетілімдер қайталанып, тырдай жалаңаш қазақ қыздарының анайы әрекеттері бадырайып, бүкіл елге көрсетіле берсе, оны жарнама демей, не дерсің? Кей­бір жастар қызықпайтын нәрсе­лер­ге қызығады, әсіресе, «жабық әңгімелерге» үйір. Жоғарыда аталған «казахский порнофильм» жарыққа шыққаннан бастап жастар арасында оған деген қызығушылық пайда болды. Жабайы саудада шетелдік кинолардың бір DVD дискісінің құны 150-300 теңге аралығында болса, қазақ порнофильмінің бір дискісі 1500 теңгеге бағаланады екен. Соған қарағанда бұған сұраныстың жоға­ры болғаны. Қалай десек те, мұндай жиіркенішті, ар-намысқа тиетін көріністерге тосқауыл қою керек. Ұлтымыздың ары тапталып, намысы қорланатын дүниелерге төзу мүмкін емес. Егер бұндай өрескелдікке жол берсек, келешегімізге қауіп төнеді. Біз – ата дінімізді берік ұстана­тын, ұлттық құндылықтарды жоға­ры қоятын мұсылман мемлекетіміз. Қазақы мінезіміз, табиғи болмысымыз басқа. Жат қылықтар бізге жарас­пайды. «Ұлағатты ұл ұлтын, тәрбиелі қыз жұртын сақтайды» демекші, біздің халқымыз ар мен намысты, имандылық пен әдептілікті жоғары қойған. Ел ішінде орын алған келеңсіз жайттар мен бейәдептерді дер кезінде ауыздықтап, алдын ала тыйып отырған. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Құнанбайдың Қодарға байланысты шығарған үкімін мысал ретінде айтуға болады. Ел ішінде орын алған бейәдеп пен өрескел қылықтардың жолын кесу – қоғамға қажет іс-амал. Бұл мәселені тек құқық қорғаушылардың иығына артып қоюға болмайды, баршамыз болып күресуіміз керек. Сонда ғана нәтиже болады. Ақша үшін арын да, барын да сататындар қатаң жазалануы тиіс. Ал көше бойында, базарлардың маңайында жабайы саудамен айналысып, DVD дискілерін сататындар да жауапқа тартылғаны жөн. Мәселен, Алматы қаласы маңайындағы «Барахолкада» мұндайлардың қарасы көбеймесе, азаймай отырғанын бай­қайсың. Ал телеарналарға келетін болсақ, бұл мәселеде өте сақ болған дұрыс. Ұлттық ар-намысқа тиетін, жөн-жосықсыз анайы дүниелерді бадырайтып, бүкіл елге паш етіп көрсету – тым өрескелдік. Мұндайларға жол бермейік. Қанат Әбдіманапұлы Алматы

3100 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

№1

03 Қаңтар, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы