• Мәдениет
  • 23 Ақпан, 2009

«Әдемі-Ай» журналы жарық көрді

Этнографиялық мәдени-танымдық «Әдемі-Ай» журналы жарық көрді. Журналдың алғашқы бетіне ҚР халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың суреті жарияланып отыр. Ақынның бұрынғы жылдары жазылған жырларының негізінде «Әкемді сағынғанда ер-тұрманын, сипалап отырушы ем жылап келіп…» деген атпен өлеңдер топтамасы берілген. «Әдемі-Ай» журналы қазақтың брэнді деген ұғымды «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы айшықтайды. Осыған орай «Қазақтың брэнді – «Мәдени мұра» мақаласы жарияланып отыр. Журнал нөмір сайын «Аспан астындағы мұражайлар» айдарымен археологиялық жаңалықтарды жариялап отырмақ. Бұл жолы – археолог-ғалым А.Нұржановтың «Ұлжандағы патша қорғандары» атты танымдық мақаласы берілген. Көшпелілер өркениетінің қыр-сырына қанықтырып, қазақы қаныңызды ойнататын мақалалар легі «Көшпелілер өркениеті» айдарымен жарияланып отырмақ. Айдарды тарихшы Б.Медеу жүргізеді. Бұл нөмірде автордың «Көшпелілік қайдан шықты?» мақаласы жарияланған. Сонымен қатар, «Этнография алаңы» айдарымен «Үндістер бізге туыс па?» атты танымдық мақала жарық көрген.

3883 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы