- Қоғам
- 10 Ақпан, 2009
Стипендияны Елбасының қолынан алсақ...
Өткен аптада Қазақстан Республикасының Президентінің Алматыдағы резиденциясында Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев әдебиет пен өнер қайреткерлеріне Президент стипендиясын тапсырды.
Елбасы стипендиясына 50-ге тарта қайраткер лайық деп табылыпты. Олардың ішінде Шерхан Мұртаза, Қадыр Мырзалиев, Әзілхан Нұршайықов, Асанәлі Әшімов, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев сынды азаматтар бар. Мемлекет хатшысы кездесуге келген зиялы қауым өкілдеріне президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының арнайы сәлемін жеткізді. «Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым әдебиет пен өнердің жай-күйін қадағалап отырады. Себебі, сіздердің өмірге әкелген туындыларыңызды ұлттық құндылық ретінде бағалайды» — деді Қанат Саудабаев. Кездесуге келген зиялы қауым өкілдері де Президентімізге шексіз алғыстарын білдіре келіп, Мемлекет хатшысының назарын шешілмей жатқан ұлттық проблемаға аударуға тырысты. Жезтаңдай әншіміз Бибігүл Төлегенова: «Келер жылғы стипендияны Елбасының өз қолынан алармыз» деген тілектерін де жасырған жоқ.
2805 рет
көрсетілді0
пікір