• Мәдениет
  • 23 Ақпан, 2009

Ташкент пен Таразда айтыс өтті

Өткен аптада Ташкенттегі «Истиқлол» залында халықаралық ақындар айтысы болып өтті. Қазақстан мен Өзбекстанның түрлі аймағынан жиналған он екі ақын өнер көрсетті.  Сөз сайысына қатысқандар сөз саптау шеберліктерімен, орындаушылық мәнерімен көрерменді көзайым етті. Бұл жыр додасында қазақ ақындарының бағы жанды. Қазылар алқасының шешімімен семейлік 20 жастағы Фархат Маратұлы бас жүлденің иегері атанды. Бірінші орынды жерлесіміз Ақмарал Ілеубаева енешілесе, ташкенттік Құлмахан Дүйсенов екінші орынды иеленді. Тағы бір сөз сайысы Тараз қаласында өтті. Жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа арналған жас ақындардың айтысында облыс өңірінен жас ақындар арасында Қанат Мырзаханұлы жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар тарту етілді.

3648 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы