• Қоғам
  • 09 Қыркүйек, 2020

Алматы төрінде жолдау талқыланды

Өткен апта соңында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, оның жұмысы барысында ­Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына ­Жолдауы талқыланды. Онлайн форматта өткен кеңеске қоғамдық ұйымдардан 80-нен астам өкіл қатысты. Олардың арасында қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер, волонтерлар, медицина және бизнес-қоғамдастықтың, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері болды.

Кеңеске қатысушылар Жолдауда айтылған басты бағыттар: білім және ғылым жүйесін дамыту, отбасылық-демографиялық ахуалды жақсарту, ШОБ-ті қолдау, қоршаған ортаны жақсарту, тұрғын үй саясатын жүзеге асыру және т.б. бағыттар мен алда тұрған міндеттерді жан-жақты талқылады.
Кеңесті ашқан Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов кеңейтілген отырыстың басты міндеті бүкіләлемдік пандемияны ескере отырып, еліміздің жаңа өмір жағдайына арналған Жолдауды талқылау екенін атап өтті.
«Кеше Президент 2020-2021 жылдар аралығында біз назар аударатын осал нүктелерді атады, басым бағыттарды белгіледі. Бүгін Алматы қаласы аумағында Жолдаудың міндеттерін нақтылы жүзеге асыру үшін оны жан-жақты талқылауды және пәрменді шаралар әзірлеуді ұсынамын» деп, Рахман Алшанов кеңеске қатысушыларды белсенділік танытуға шақырды.
Онлайн кеңесте Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов алғашқылардың бірі болып сөз алып, ойын төмендегідей ұсыныспен сабақтады.
– Отандық ғылымның өкілі ретінде ғылымға қатысты бірқатар мәселелерді көтергім келеді. Жолдауда жас ғалымдардың рөліне үлкен көңіл бөлінген. «Жас Ғалым» жобасы аясында әлемдегі жетекші ғылыми орталықтарда ғалымдар үшін жыл сайын 500 тағылымдама және жас ғалымдарға 1000 грант бөлу жөніндегі тапсырма қолдау көрсететін нақты қадам. Мемлекет басшысы көтерген ең өзекті мәселе – процестерден біртіндеп нәти­же­лерге көшу, ол мұны өзінің ­Жолдауында атап өтті, – деді.
Бұдан кейін сөз алған Қазақстанның Еңбек Ері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Аягүл Миразова білім сапасы және оның қолжетімділігі туралы тақырыпты одан әрі жалғастырды.
– Қазіргі кезде Алматыда онлайн оқуға оқушыларға барлық жағдайлар жасалған. Президент өз Жолдауында дәстүрлі білім беруге оралудың барынша ұтымды жолдарын қарастыруды тапсырды. Меніңше, бұл өте дұрыс шешім. Сонымен қатар сәбилі болғысы келетін отбасыларға да Жолдау оң ықпал етеді, – деген А.Миразова Президенттің «Аңсаған сәби» бағдарламасын дер кезінде іске асыруға тапсырма берген жоба екенін атап өтті.
Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Ауыл» ХДПП мүшесі Махамбет Хасенов өз кезегінде ауылды дамыту және ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту жөніндегі бастамаларды жоғары бағалады.
– Ауылға ерекше көңіл бөлінетіндігі қуантады. Жолдауда нақты бағыттар айқын­далған. Президент ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға үлкен басымдық беруде. Ал­дымызға қойылған міндеттерді іске асыру үшін біз бәрін жасауға тиіспіз, – деді.
Онлайн форматта өткен кеңесте төраға Р.Алшанов бүгінде Қазақстан халқы­­ның саны 19 миллион адамды құрайты­нын атап өтті. Алайда жағдайдың жақсар­ғанына қарамастан, демографияны арттыру жұмыстары жалғасуда. Осы орайда Президенттің «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосып, ЭКО бағ­дарламаларына квоталар санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есеге дейін көтеру туралы бас­тамалары ерекше өзекті екеніне тоқталды.
– Жолдау әлеуметтік бағытымен ерек­шеленеді. Ерлі-зайыптылардың 15%-ында сәбилі болу проблемасы бар. Біз өткен жылы тиісті ұсыныстар жібердік. Ұсыныстың арты­ғымен орындалғанына өте қуаныштымыз. Жолдауда 7000 ЭКО бөлінетіні айтылды. Жолдауда тағы бір маңызды мәселе – дәрігердің мәртебесі жайлы көтерілді. Жалақымыз 2,5 есеге өсті. Мәртебе – бұл материалдық қолдау ғана емес, біз өзіміздің отандық мамандарымызды қолдауымыз керек, – деді «PERSONA» клиникалық репродуктивті халықаралық орталықтың басшысы Вячеслав Локшин. Ол пульмонологтарды, эпидемиологтарды дер кезінде даярлау қажеттігін де ұсыныс етіп көтерді.
Қазақстан халқы Ассамблеясына қо­ғам­ның тұрақтылығы мен дамуын сақтау бойын­ша ерекше рөл жүктелген. Алматыдағы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қазбек Мамсұров ­цифрландыру тақырыбына тоқталды.
Ол өз сөзінде цифрландырудың тек тенденция емес, ұлттық бәсекелестікке қол жеткізудің басты құралы болатындығын айтты. Сондықтан осыған байланысты формализмді қысқартып, жұмыстың ашық форматына көшу қажеттігін ескертті.
Жыл сайынғы Жолдауларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына ерекше маңыз беріледі. «Алматы – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Александр Братенков Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселесін көтергенін атап өтті. Бұл өте маңызды, өйткені сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу алға жылжудың тетігі болып табылады.
«Алматы ақшамы» газетінің бас ­редакторы Қали Сәрсенбай талантты және дарынды тұлғаларды, әсіресе жастарды, олардың озық идеяларын қолдау қажеттігін айтты. Ол үшін балаларды жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тарту және пайдалы дағдыларға үйрету маңызды екеніне тоқталды.
Азаматтық қоғам бүкіл елді нығайту мен дамытуда басты рөл атқарады. ­Алматы қаласы Азаматтық альянсының төрағасы Константин Авершин спортты дамыту мәселесіне кеңінен тоқталды. Ол өзінің сөзінде Жолдау­да бұған дейін қоғам көтерген мәселелердің көрініс тапқанын айтты. Еске салсақ, Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне мейлінше назар аударуды тапсырған еді. Мұнда бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу міндеттелді.
ҚР ЖОО Бірлестігінің басқарма мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Тахир Ба­лықпаев өз баяндамасын оқушылар мен студенттерді оқытуға арналған өзекті тақы­рып – цифлы платформалар мәселесіне арнады.
– Президент Үздіксіз білім беру тұжырым­дамасы туралы айтты. Үй жағдайындағы және бейресми оқытудың мәні зор. Бұл ретте білім беру курстарын ұсыну ерекше мәнге ие болып отыр, – деп атап айтты Т.Балықпаев. Жолдауда азаматтардың сауаттылығын, олардың цифрлық білімін арттыру мақсатында Үкіметке үздіксіз білім беру Тұжырымдамасын дайындау тапсырылды. Тұжырымдамада бейресми білім берудің альтернативті нұсқаларын белсенді түрде енгізу, өз бетінше білім алу нәтижелерін, кәсіби дағдылану сертификикацияларын мақұлдау керектігі атап өтілуі қажет.
Алматы қаласы мәслихатының ­депутаты, «Ақ-жол» ҚДП мүшесі Федор Константинов ауқымды экономикалық мәселелерді алға жылжыту керектігін айтып өтті. Пандемия орын алып тұрған тұста кәсіпкерлік секторды, сондай-ақ өндірістік саланы қолдау жөніндегі қадамдарға бару өте маңыздылығын тілге тиек етті.
Бизнесті қолдау мәселелерін өз сөзінде Алматы қаласының Кәсіпкерлік палатасының директоры Нариман Әбілшайықов та қозғады.
– Мемлекет басшысы экономиканың зардап шеккен салаларындағы барлық жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнестің кәсіпорындарына жылдық пайыздық мөлшерлемесі 6%-дық мемлекеттік субсидияны қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл категорияға сауда, транспорт, туризм, қоғамдық тамақтану, кинотеатр, қонақүй салалары енді. Азық-түлік өнімдерін сату және дәріханалар оған кірмейді. Субсидиялау төтенше жағдай жарияланған осы жылдың 16 наурызынан бастап, 12 айлық кезеңді қамтиды, – деді Н.Әбілшайықов.
ҰКП өкілі мегаполис аумағындағы кәсіп­керлікті дамытуға арналған қолданыстағы амалдар жайында да кеңінен айтып берді. Сонымен, Алматыда «Almaty Business-2025» аймақтық бағдарламасы жұмыс істеуде. Ол бойынша көп балалы, тұрмысы ­нашар отбасылар және өнеркәсіптік парк резиденттеріне арналған 2%-дық, шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған 7%-дық кепілді ­несиеге қол жеткізуге ­болады. Несие 20-дан 300 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды.
Кеңесте «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Қоғамдық Кеңес төрағасы, журналист Сергей Пономарев экология мәселесіне тоқталды.
Жаңа Экологиялық кодекс жобасының әзірленгенін еске салып өтейік. Президент Жолдауында экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі нақты шараларды іске асыру, сондай-ақ әр алуан биологиялық түрлерді сақтау және орынды пайдаланудың ұзақ мерзімді жоспарын бекіту тапсырылды. Бес жыл ішінде орман қорында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш егу жүзеге аспақ.
– Өте мазмұнды және негіздемелі Жолдау. 2 миллиард ағашты егіп қана қоймай, оның күтімі мен суғарылуын да қамта­масыз ету керек. Бұл ретте бізге, яғни қоғам мүшелеріне де өз жұмысымыз бен бақылауымызды нықтай түсу қажет, – деді С.Пономарев.
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов өз кезегінде қазақ әдебиеті саласындағы білім беру бағдарламаларын күшейте түсу жөнінде баяндап өтті.
«Nur-Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров те өз сөзін Президент белгілеген мәселелерді жүзеге асыруға арнады.
– Мемлекет басшысы өз Жолдауында нақты міндеттерді атап қана қоймай, оларды шешу жолдарын да белгіледі. Осылайша, Президент Жолдауда Қазақстандағы өте маңызды мәселе – тұрғын үй мәселесін де көтерді. Осындай қадамдардың бірі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін Отбасы Банкіне айналдыру. Енді бұл банк тұрғын үйге мұқтаж барлық азаматтарға «бір терезе» принципімен жұмыс істейтін болады. Бұл өзгерістер Бірыңғай базада кезекте тұрған жұмыс істеуші азаматтардың төмен мөлшерлемелі несиемен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы қадамдарды іске асыру естуші мемлекет талабына сай келеді. Мен барлық қазақстандықтарды осы бір стратегиялық құжаттың негізгі тарауларын іске асыруға қосылуға шақырамын, – деп атап өтті С.Канкуров.
– Алматы қаласының Кәсіподақтық орталығы» аймақтық кәсіподақтары азаматтарды әлеуметтік қолдауды институцио­налдау туралы жаңалықты ерекше энтузиазммен қабылдады, – деді З.Өмірбаева. Ол кәсіподақтардың заңнаманы жаңартуда барлық бағыттар бойынша, әсіресе «Медиа­ция» туралы Заң аясында белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Еске сала кетейік, Жолдауда Мемлекет басшысы мемлекеттің қатысуынсыз келіссөз жасаудың, мәселені шешудің баламалы жолдарын дамытуды тапсырды. Мұндай институттар өздерін дамыған елдерде жақсы көрсетті.
Айсұлу Ерниязова бастаған «Волонтерлар лигасы» ҚҚ төрайымы бастаған ­Алматы еріктілері Қазақстандағы жоғары білім ­сапасын арттыру және стандарттау бойынша жұмыс топтарына қосылу бастамасын айтты.
– Елге білікті мамандар керек. Ол үшін өз дағдыларымызды ұштаған жөн. Волонтерлік – бұл мақсатқа жетуге және халықтың игілігі үшін идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «әлеуметтік лифт» құралы, – деді Айсұлу Ерниязова және алматылық жастарды Жолдауда көрсетілген міндеттерді белсенді жүзеге асыруға қосылуға шақырды.
Алматы қаласының қоғам мүшелері Мемлекеттік басшысының Жолдауда айтқан бастамалары мен нақты қадамдарын бірауыздан қолдайды және азаматтардың лайықты өмір сүрулері мен олардың құқығын қорғау сынды қойылған мақсаттарға жету жолында барын салатыны анық байқалды.

Материалды Алматы қалалық
әкімшілігі қоғаммен байланыс бөлімі мәліметтері бойынша әзірлеген
Нұрболат Абайұлы

793 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №36

12 Қыркүйек, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы