• Тіл
  • 19 Қараша, 2020

МАЙДАНГЕРЛЕР ЖӘНЕ «АНА ТІЛІ» ГАЗЕТІ

Ауылдың, елдің, мемлекеттің аты тарихта қалуы және мәңгілікке айналуы адамдарының, азаматтарының жасаған іс-әрекетіне, не еткен еңбегіне байланысты екені белгілі. Мысалы, грек елі ғалымдарымен, қазақ елі әлемге әл-Фараби, Абай, Жамбыл, ­Бауыржан, Димашымен белгілі. Қазақ елінең даңқын аспандат­қан­дар қатарына өткен ғасырда қос бірдей дүниежүзілік соғысқа қатысып, Отанын қорғаған қазақтың ұл-қыздары. Бұған дәлел көп.

Жұма сайын ата-бабаға, марқұм бауырларымыздың рухына бағыштап Құран оқытамыз, оқимыз. Себебі аруақтардың ­рухына ­сыйынамыз, өзіміз де рухтанамыз. Сол сияқты, соғысқа қатысқандарды еске түсіру де мәңгілік ел болуымызға рухани тірек болады деп ойлаймын. Бұл салада «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», т.б. газеттерді ұзақ жылдар бойы жаздырып алып, үзбей оқып жүрмін. Байқағаным, «Ана тілі» қазақстандық, қазақ жауынгерлері және олардың ерліктері туралы мәліметтерді жиірек жариялайды. Мұндай материалдарды оқыған сайын әкем Демеу, оның інісі Әнет, ағалары Кінәт, Нұрбек, нағашыларым Жарқынбек, Жұмахан, Ермахан, жиен Өтеубай, т.б. аталас бауырларымның есімдерін ішімнен айтамын, солардың рухы мәңгілікке айналуын бір Алладан тілеймін.
Менің осы тілегім қазақтың тілі де, көзі де, өзі де болып тұрған «Ана тілі» газеті ұжымының дәстүрінің бір ұшпағы ғана, газеттің қазақ жауынгерлерінің, еліміздің рухын мәңгілікке айналдыруының еңбегі. Газеттің осындай ықпалының нәтижесі болар, бұл басылым ел сүйіктісіне айналды. Елдің мәңгілікке айналуына, рухының көтеріле беруіне, тіл мәртебесі үшін 30 жыл бойы еткен қажырлы еңбегі еленіп, ұлт газетінің қызметкерлері Президент Жарлығымен жоғары марапатқа ие болды. Баянды, жалғасты болсын!
«Ана тілі» газетінің Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жауынгерлердің есімдерін анықтаудағы, жауынгерлердің жасаған ерліктерін ұрпақтарға жеткізудегі, батырлардың даңқтарын ардақтаудағы материалдары және бұлар жайлы жазған мақала ­авторларына газет бетінен орын беруі өте игілікті іс. Біз сияқтылар сол баянды оқиғалардан өз туыстарын, бауырларын іздейді. Мысалы, мен әкемнің, көкемнің және туыстарымның соғысқан жерлеріндегі шайқастар туралы жазылған мақалалардан олардың есімдерін, деректі фильмдерден бейнелерін іздеймін. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жауынгерлердің есімдерін атап, атақ-даңқын ардақтап, 20 томдық кітап жазған Құттыгерей Смадияровты «Ана тілі» елге танытты. Біз газетке дән ризамыз. Газеттің 30 жылдық нөмірлерінде мұндай материалдар баршылық. Газеттің оқырманы көбей берсін!

Жамалхан Демеуов,
еңбек ардагері

Нұр-Сұлтан

2267 рет

көрсетілді

288

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы