• Тіл
  • 19 Қараша, 2020

Халық қалаулылары мемлекеттік тілді білуі тиіс

Мұндай талапты Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым және БАҚ өкілдерін «Достық» үйіне жинап жария етті. Шараға белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Смағұл Елубай, тіл жанашыры Асылы Осман және ­зиялы қауым өкілдері қатысты.

Баспасөз мәслихатын ашқан ­Ха­лықаралық «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының міндетін атқарушы ­Ерден Қажыбек қоғамның 1989 жылы құрылғанын, бүгінде барлық облыс­тарда Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында және әлемнің 20-дан аса елдерінде бөлімшелері мен өкіл­діктері барын айтып өтті. Міне, ­осынша қоғам мүшелері атынан Қазақстан Президенті аппаратына, ҚР Парламенті Сенатының төрағасына, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасына, ҚР Премьер-министріне талап хат жолданды. Онда алдағы Парламент Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарын сайлау қарсаңында үміткерлердің мемлекеттік тілді білу керектігі талап етілген. Талапхат төмендегідей түйінделген:
«Халық тілінде жұмыс істей алмайтын адамдарды «халық өкілі» деп атаудың өзі – құқықтық нонсенс әрі қарапайым логикаға кереғар дүние».
Бұл талапхат аталмыш қоғамның qtq.kz\talaphat сайтында жарияланған. Осы талапхатқа үн қосқысы келген кез келген азамат сайтты ашып, электронды түрде қол қоя алады.
Бұдан кейін сөз алған жазушы Смағұл Елубай әлемнің бірде-бір мемлекетін­де мемлекеттік тілді бұлайша жетімсіре­тіп отырмағанын, депутаттардың 30 жыл бойы орыс тілінде заң қабылдап келгенін, бұдан ары бұған төзуге болмайтынын ащы сынға алды. Бұл талапты өзінің толық қолдайтынын жеткізді.
Белгілі тіл жанашыры Асылы Осман өзінің қазақ тілінің мәртебесі үшін 1987 жылдан бері күресіп келе жатқанын, жердің де, елдің де иесі қазақ екенін, өзге ұлыстарға ешқандай қысым жасамай, олардың тілдері мен дәстүрлерін дамытуға мүмкіндік жасап отырғанын айта келіп, талапхатты қолдайтынын білдірді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында халық үнін тыңдайтын мемлекет құру керектігін Үкімет пен министрліктерге тапсырған болатын. Ендеше, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен оның мыңдаған мүшелері және халықтың бұл талабын Орталық сайлау комиссиясы да ескереді деген ойдамыз. Ал бұл талапты «Ана тілі» газеті өз бақылауында ұстайтын болады.

Н.СҰЛТАНҒАЗИЕВ

2023 рет

көрсетілді

190

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы