• Қоғам
  • 07 Қаңтар, 2021

БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Қызылордалық 80 отбасы жаңа ­жылды жаңа баспанада қарсы. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен шаһар ­басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 40 пәтерлі екі үйдің кілтін тұрғындарға табыстады.

Салтанатты шара барысында аймақ басшысы пәтер иелерін Жаңа жыл мерекесімен және жаңа қоныстарымен құттықтап, құрылыс қарқынын, қаланың саладағы жетістіктеріне тоқталып, жыл басынан бері қаламызда 1500-ге жуық тұрғын баспаналы болғандығын және 1 мың 741 пәтерлік 38 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Алдағы жылы Сырдария өзенінің сол жағалауында құрылысы жүргізіліп жатқан 725 пәтерлік 15 көп қабатты тұрғын үй мен СПМК-70 тұрғын ауданындағы 13 үй пайдалануға берілмек.
Мереке қарсаңында қуанышы еселенген жанның бірі – Батырбек Сыздықов. «Жыл ­ая­ғында мен үшін қос мереке қатар келіп, үлкен қуанышқа кенеліп отырмын. Жаңа жылды жанұямызбен жаңа баспанада қарсы ­алатыныма ерекше қуаныштымын» деген, ҚР ҰҚК ­Шекара қыметінің Қызылорда облысы ­бойынша департаментінің қызметкері өңір ­басшысы мен құрылысшыларға өз алғысын білдіріп, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін атап өтті.
Шара соңында мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы Бекмырза Еламанов қоныс той иелерін құттықтап, ақ батасын берді.

Шерхан МОЛДАХМЕТ

1183 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Merziuziy

29 Маусым, 2021

sNb4rF https://xnxxx.web.fc2.com/ xnxx

fkssrd

30 Маусым, 2021

GA9g5u <a href="http://smjclwaqgwho.com/">smjclwaqgwho</a>, [url=http://hrsqssmvukld.com/]hrsqssmvukld[/url], [link=http://hzrngzmaumhp.com/]hzrngzmaumhp[/link], http://pxrukorvhvxn.com/

daozjymahr

30 Маусым, 2021

YxckmU <a href="http://zrphlnkasjgr.com/">zrphlnkasjgr</a>, [url=http://jltajbwxcpxp.com/]jltajbwxcpxp[/url], [link=http://drpjukzyydlg.com/]drpjukzyydlg[/link], http://kuphlgiirkfd.com/

ANA TILI №21

22 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы