• Білім және ғылым
  • 28 Қаңтар, 2021

БІЛІКТІ МАМАН – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Жыл сайын әлемде техногенді апат, табиғи апат көптеп орын алуда. Сондықтан Қазақстан ­Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылды. Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, өрттердің алдын алу және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 

Төтенше жағдайларда кадр қызметкерлерінің жұмыс істеуде психологиялық дайындығы ­болуы қажет. Төтенше жағдай, апат төңірегінде қалыпты хал-ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процесінің жиілігі болып табылады. Бұл процестерді қалпына келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қа­былдауды талап етеді. Дегенмен, төтенше жағ­дайдың ең басында бірінші кезекте адамдық фактор тұрады.

Төтенше жағдайларды жою кезінде техногендік, табиғи және психологиялық факторлардың адамға зиянды әсер етуі нәтижесінде денсаулығының бұзылуына: жаралану (контузия, жарақат алу, мертігу), радиациялық, химиялық және бактерия­логиялық зақымдану; асқынған соматикалық және жұқпалы аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы, психоэмоционалдық және психосоматикалық бұзылулар жатады. Төтенше жағдай кезінде денсаулыққа зиянды әсерлерден де маңыздысы – оның психикасы мен санасының жарақаты. Оның көлемі, әсері неғұрлым көріністі болса, ол көрініс адамның жанында ұзақ уақыт өмір сүреді. Бірақ, жаратылысына қарай төтенше жағдайға тап болған барлық адамдардың қабылдау психикасы бірдей болмайды. Біреулер тез өзінің ішкі өмірлік ресурстарын жинақтап, оған шешім қабылдауға дайын болса, басқаларының жұмыс қабілеті төмендеп немесе жойылып денсаулығы нашарлап, физиологиялық және психологиялық жағынан төмендеу құбылысы пайда болады.

Адам табиғаттағы, өндірістегі, көлік апат­тарының төтенше жағдайдың басы-қасында болғанда оқиғаны әртүрлі бағалайды. Бірер адамнан шыққан үрейлену көпшілікке берілсе, онда жаппай үрей (паника) туындауы мүмкін. Қорқыныш сезімін білмеген адамдар жағдайды шынайы бағалай алмайды немесе асыра сілтеуге бейім тұрады. Олар өз сезіміне бой ұрып, жауапкершілікті жоғалтады. Бұндайда теріс түсінушілік, бұрмалаушылық әңгімелер көп болады. Сондықтан адамдарды төтенше жағдайларға алдын ала дайындау маңызды жұмыс. Апат жағдайында қалай қимылдаудың, іс-әрекеттің кезегін үйрету керек, жаттығулар өткізу қажет. Егер жаппай үрейленушілік туындаған жағдайда адамдармен тез арада сұхбаттасып, қорқыныш сезімді жоюға тырысу керек. Басқаруды тез арада бір кісі өз қолына алғаны дұрыс. ­Содан кейін сол адамдардың өздерін құтқару, қалпына келтіру жұмыстарына кірісу керек. Психикалық денсаулық негізінен жұмыс орнында өзін сезінуге қажетті қабілетті тәжірибені ғана емес, ­сонымен қатар оны сақтап қалу үшін қажет. Құтқарушылардың кәсіби қызметін бастапқы сатыда дайындау, сапалы іріктеуге де тәуелді. Психологиялық дайындық психологтар және (кезеші ауысымда) қатардағы құтқарушылар және басқару бөлімшелер (біліктілікті арттыру басқару қызметкерлері) арқылы жүзеге асырылады. Құтқарушылар үшін – бірінші орында маңызды өзін-өзі бақылау дағдылары, зардап шеккендермен байланысу қабілеті және оларды психологиялық оқытуға бағыттау. Төтенше жағдайлар комитетінің жоғары оқу орындарына кәсіби және психологиялық қызмет ­бойынша іріктеу және оқыту, сонымен қатар психологиялық сипаттамалары бар, білім мен дағдылар деңгейі, олардың қызметі үшін қажетті қажеттіліктер және мотивацияның негізінде кәсіби дағдылар бойынша жақсартуға ықпал ету, оның ішінде, төтенше жағдайлар ­бойынша басшы лауазымдарға кандидаттарды психологиялық зерттеу арқылы, оның ішінде, кәсібилік, көшбасшылық, төзімділік, интеллект, өзін-өзі бақылау, нашақорлық сияқты мінез-құлық және моральдық және этикалық сипаттарымен, ал кадрлар резервін қалыптастыру бойынша әдістемелік психологиялық кеңес беру арқылы басқару, сапалық құрамын жақсартуға көмек және т.б. басшылықтың демократиялық стильде, сындарлы шиеленістерді шешетін болу керек. Адамдар рұқсат ететін, қауіп және тәуекел элементтері бойынша іс-шаралар шиеленісін құтқарушылар және құрылымдардың жаттығулар мен сабақтарын өткізу кезінде енгізу қажет. Оқу процесіне енгізілген шиеленіс және қауіп элементтері, жоғары психологиялық жүктемені еңсеру үшін бірте-бірте игеріледі, адам белсенді, күрделі және шиеленісті жағдайда ғана өз міндетін жүзеге асырады.

Құтқарушылардың оқу жұмысының мақсаты – қоғамды олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және тәрбиелеу сезімін көтеруі тіпті өмір үшін қауіпті болатын қандай қиындық болса да, берілген тапсырманы орындауға ­дайын болу. Адамдар қауіпте әртүрлі әрекет етеді, бірақ бір нәрсе белгілі: жақсы үйретілген, білімді моральді, психологиялық адам төзімді және сенімді және батыл әрекет етеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­теті еліміздің бәсекеге қабілетті жоғары білімді болашақ маман иелерін дайындайтын бірден-бір жоғары оқу орны. Университет профессорлар мен оқытушылардың білім ресурстары және оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану арқылы білім алушыларға мемлекетіміздің ғылыми және кәсіби салаларында көптеген мүмкіндік ашатын оқу ордасы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы қыркүйек айындағы және 2021 қаңтар айындағы халыққа Жолдауындағы білім беру саласы жөніндегі реформасының талаптарын жауапкершілікпен орындап ­жатыр. Бірінші кезекте қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету: «Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. ­Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек». Сонымен қатар кәсіби білім беруді ұйымдастыру: «Біз кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн».

Соңында жалпы білім беру сапасын жақсарту: «Былтыр мен дипломды оңды-солды үлестірумен айналысатын білім мекемелерін жабуды тапсырған болатынмын. Білім беруді табысты бизнеске айналдырған ықпалды адамдардың қарсылығынан бұл жұмыс баяу жүруде. Бірақ проблеманы шешу керек».

Осы талаптарға сәйкес қол жетімді және сапалы білім беру арқылы болашақ мамандар дайындауда көптеген шаралар атқаруда. Атап айтсақ, ­«География және табиғатты пайдалану» факультетінің «Тұрақты даму бойынша ­ЮНЕСКО» кафедрасында ашық сабақтар, эдвайзерлік сағаттар өткізіліп жатыр. Білім беруге өте көп көңіл бөлінеді. «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсізігі» мамандығының  «Табиғи және техногенді тәуекелдер» пәнін игеруші диплом жобалауға дайындалып жатқан 4-курс студенттеріне көшбасшылық дәріс өтті. Дәріске төтенше жағдайлар саласына еңбек сіңірген қайраткер,  Әскери ғылымдар академиясының құрметті академигі, техника ғылымының докторы Тасболат Мыңболұлы шақырылды. Өндіріс орындарындағы еңбекті қорғау, ұйымдастыру, төтенше жағдайлар саласындағы өзекті мәселелер туралы студенттермен ой бөлісті. Дәріске қатысқан кафедра мұғалімдері мен студенттер қонаққа толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды.

Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемнің ең үздік 200 жоғары оқу орындарының ішінен 165-орында тұруы ­сапалы білім берудің нәтижесі. Бұл көрсеткіш ҚазҰУ тек еліміздің ғана емес, бүкіл әлемдік көшбасшы университеттер қатарында болуы мақтаныш сезімін туғызады.

 

Айгүл Қожахан,

әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің

 қауымдастырылған профессоры,

техника ғылымының кандидаты

3516 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы