• Мәдениет
  • 04 Ақпан, 2021

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ – АЙРЫҚША НАЗАРДА

Жақында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бір топ әдебиет өкілдерімен кездесті.

Министр жүздесуде өзі бас­шылық жасап отырған министр­ліктің қазіргі атқарып отырған ­жұ­мыстарына тоқтала келіп, бүгінгі қазақ әдебиетінің, ақын-жазу­шылардың жайын сөз етті. 
«Әдебиеттің қоғамдағы орны үлкен. Сондықтан мемлекет бұл саланы ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Сол себепті сөз зер­герлеріне қамқорлықтың бар мүм­­кіндігі қарастырылуда» деді министр.
Сала басшысы қазіргі таңда ­балалар әдебиетін дамытуға на­зардың ерекше екенін айтты. Бұл мәселе Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген мақаласында да көтерілгені белгілі. Мемлекет бас­­шысы аталған мақаласын­да қазақ қаламгерлерінің үздік ­шы­ғармаларына қоса, балаларға ар­налған шетел жазушыларының да таңдаулы туындыларын аударып, көптеп басып шығаруды және таратуды қолға алу керектігін тілге тиек еткен еді. Көңілге қуаныш ұялатқан жағдай, Мәдениет министрлігі бойынша биылғы жыл балалар әдебиетін қолдау жылы болып белгіленген. 
А.Райымқұлова кездесу соңын­да ақын-жазушыларға «Мәдениет са­ла­сының үздігі» белгісі мен ми­­нистр­ліктің Алғыс хатын тапсырды. 
Кездесуге қатысушылар ­Ғ.Мүсі­репов атындағы Қазақ мем­ле­кеттік академиялық балалар мен жасөс­пі­рімдер театры сахналаған «Құлагер» қойылымын тамашалады. 

Нұркен Жандәулетұлы
 

1984 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №14

11 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы