• Қоғам
  • 11 Ақпан, 2021

ТУҒАН ЖЕРДІ АЯЛАУ – ЖЕР ШАРЫН АЯЛАУ

Есенжол НАЗАРОВ, 
тарих ғылымының кандидаты,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 
«Экология жане химиялық технология» 
кафедрасының аға оқытушысы

2021 жылдың 5 қаңтарында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының назарына «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын ұсынды. Аталмыш мақалада экология мәселесіне де қатысты жақсы жайттар қозғалған. «Қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын. Бірақ біз соны бағалай білеміз бе?! Жер қадірін білу жалаң ұранмен өлшенбейді. Өкінішке қарай, асқар тауларымыз бен айдын көлдерімізді, ұлан-ғайыр даламызды ластап жатқан да өз азаматтарымыз. Көк­жайлауға от жағып, қоқыс шашып кеткен де, Көбейтұздың батпағын шелектеп тасып, көлдің ортасында көлікпен ойқастаған да солар. Бір тұтам мүйізі үшін көзін мөлдіретіп киіктерді қырған да өзгелер емес. Қасиетті жеріміздің киесінен қорықпай, жат жұрттың да қолы бармас әрекеттерді жасап отырып, қалайша осы мекеннің иесіміз деп кеуде соға аламыз? Бұл – ащы да болса, шындық. Біз жеріміздің шын жанашыр иесі екенімізді нақты іспен көрсетуге тиіспіз. Ол көшеге қоқыс тастамау, көрінген жерге от жақпау сияқты қарапайым нәрселерден бастап, жалпыхалықтық сипаттағы ауқымды экологиялық шаралар арқылы көрініс табуы қажет.

Бұл тұста әрбір адамға экологиялық сауаттылық қажет.

Мұның бәрі тәлім-тәрбиеден басталады. Ата-анасымен бірге ауласына ағаш екпеген, үлкендердің жан-жануарға мейірімін көрмеген, кішкентайынан табиғатты аялауға дағдыланбаған бала өскенде туған жеріне жаны ашымайды. Мәселе экологияда емес – отаншылдықта, заңда емес – санада» делінген мақалада.

Президенттің сөзін толық қостаймын, мәселе шынымен санада. Еуропа елдерінің халқы дүкендер мен сауда орындарынан қандай да бір зат алса, сатушыдан міндетті түрде қағаз, кардон пакеттер беруін талап етеді. Себебі олар қайта өндеуге икемді, жойылған жағдайда тез шіриді. Бұл – экологияға ­деген қамқорлық. Міне, осындай кішкентай ережелерді ұстану арқылы жаһандық экология мәселелерінің алдын аламыз.

Экология мәселесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Себебі адамзат болашағы қоршаған ортамен тығыз байланысты. Пластикалық заттардан бастап, мініп жүрген көлік түтінінің өзі экологтардың бас ауруына айналып отыр. Бұған қала сыртында тау-тау болып үйіліп жатқан қоқыс алаңқайлары мен зауыттардан шығып жатқан өндіріс қалдықтарын, зиянды газдарды қосыңыз. Жаһандық жылыну, жер бетіндегі тұщы су көлемінің азаюы, орман алқаптарының ­жойылуы, өзендердің тартылуы секілді факторлардың барлығына да осы себептер әсер етуде.

Қоғамдық сананы қалыптастыруға ұзақ уақыт ­керек. Қазір өзім қызмет ететін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде жастармен етене жұмыс істейміз. Жаңа түсініктегі, қоршаған ортаға бейжай қарамайтын жастар өсіп келеді. Біздің университетіміздің басты бағыты – отансүйгіштікке, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға, экологиялық сауатты болуға үндеу. Студенттеріміз де бұл бастамадан сырт қалған емес.

Жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, экологиялық білімді, азамат ретінде тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесінің бірі. Ғұлама ойшылдар философ, ­математик, психолог, педагог, табиғат зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Сүлеймен Бақырғани, Махмуд Қашқари сонау ерте кезден-ақ табиғат, қоғам, адам арасындағы дамудың өзара байланысын және оның біртұтастығын ғылыми еңбектеріне арқау етті. Ендігіде біз сол жолды жалғап, экологиялық апаттарды болдырмау үшін табиғатты аялайтын ұстанымды берік сақтауымыз керек.

1922 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №20

23 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 10631

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 5449

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 5100

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4460

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты: Әділетті қоғам құру – парызымыз

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4427

Еділхан ӘМІРҒАЛИЕВ, техника ғылымының докторы, профессор: Технологиялық өркениет заманы басталды

  • 18 Сәуір, 2024
  • 4242

Алишер Сатвалдиев, Парламент Сенатының депутаты: Алпыс күн тасыған дария, алты күннен кейін қайтады

  • 02 Мамыр, 2024
  • 3015

Назипа Шанаи: Ана мектебі арқылы ұл да, қыз да дұрыс тәлім алады

  • 02 Мамыр, 2024
  • 2969

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы