• Мәдениет
  • 25 Ақпан, 2021

«Менің пірім – Сүйінбай»

Абай атындағы Қазақ ұлттық педаго­ги­калық университетінің ұйымдастыруымен  Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 175 жыл­дығына арналған «Менің пірім  –  Сүйінбай» ха­лықаралық жас ақындар айтысы өтті. Дәстүрлі өтіп келе жатқан айтыс  биыл халық­аралық дәрежеге көтеріліп Қытайдан, Моң­ғолиядан, Қырғызстаннан ақындар қатысты. 
Екі күнге созылған айтыстың соңы ҚазҰПУ-дың физмат корпусының концерт залында өтті. Айтыстың басында университет басшысы, айтыстың өтуіне басты себепкер Такир Балықбаев бастаған бір топ зиялы қауым лебіздерін білдірді.
Ақырғы кезеңге шыққан 12 жас жүйрік «ә» дегеннен-ақ айтыстың көркін қыздырды.  Әдемі өрнектеген шумақтарымен жырға сусаған жұрттың айызын қандырды. ­Сонымен, айтыс қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясының  арнайы жүлдесі  Гүлжан Ықыласқа, «Сүйінбай Аронұлы»  атындағы арнайы жүлде Жанарыс Тілеубекке, Халықаралық Жабыл қорының  жүлдесі Қайырхан Жұбаниязовқа, Жүрсін Ерман атындағы арнайы жүлде Бекарыс Оспановқа, Оразалы Досбосынов атындағы арнайы жүлде Жамали Айбынға, Есенқұл Жақыпбек жүлдесі Расул Сауытбекке тапсырылды. Ал жүлделі орындарға келсек: III орын Шынарбек Тұрсынға (Қытай), Қабдолла Бейсханға (Моңғолия) және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенті Алтынай Қанапияға, II орын Нұрбол Жауынбаевқа (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) пен Данияр Нысанғалиев­ке (Абай атындағы ҚазҰПУ) бұйырды. I орынды қырғыздың жас айтыскер ақыны Нұрсұлтан Малдыбаев (Бішкек мемлекеттік университетінің студенті) жеңіп алса, бас жүлдені оңтүстіктің өрені Бекжан ­Базарбек (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) иеленді. Ақшалай сыйлығы 350 000 теңге. 

Нұрболат Жексенбай,
Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті

1622 рет

көрсетілді

104

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы