• Мәдениет
  • 04 Наурыз, 2021

ТАЛАНТҚА АРА ТҮСПЕУ ДЕ ҮЛКЕН ҚАСІРЕТІМІЗ!

Димаш туралы жазылып жатқан алып-қашпа сөздерді оқып, қатты ренжіп, көзіме жас алып қалдым. Сендер намысшыл екенсіңдер, анау ауылдағы аш-жалаңаш отырған руластарыңа неге үй салып бермейсіңдер,неге бала-шағаларының жоғары білім алуларына,тамақтарының тоқ,көйлектерінің көк болуларына атсалыспайсыңдар?! Димашта не шаруаларың бар?! 

Сұмдық қой бұл?! Ұяттан безгендер  «Димаш қазақ емес» деген қауесеттер таратып жүр екен.Димаштың қаны да, жаны да ҚАЗАҚ!  Жеті миллиард халықтың таңдайын қақтырып жүрген, Қазақстан деген елді білмейтіндерге картадан Қазақстанды іздетіп қойған Димаштың алдында кез келген қазақ басын иіп тұрып алғысын айтуға міндетті!

Алла Тағалам бір басына ажарды да, талантты да, ақылды да үйіп-төгіп бергені үшін  Димаш кінәлі ме?!

Бар қасиеттен жұрдай, тек қана біреуді күндеп, біреудің аяғын шалып нәпақа тауып жүргендер!

Димаштың теңдесі жоқ басын сендерге ойыншыққа айналдырып қойып, қарап отырмаймыз.

Димаш әнімен көңілді көкке көтеретін, өзіне табындыратын, мың жылда өмірге бір келетін ерекше ­талант!

Үні де жоқ, биі де жоқ, қисалаңдап,  фонограммамен екі сағат халықты алдайтын әншісымақтарға айтарым, сахнаның Киесінен қорықпадыңдар.Сол сендер қорықпай таптаған сахнаның Киесі сендерді талант деген құдыретпен таныту үшін дүркіретіп, дүбірлетіп, тірі жан атаулыға ой салатын Димаштай талантты аспандатып сахнаға шығарып отыр. Талант пен талапты өзгертіп жатқан да сол сахнаның Киесі!

Тағы да айтамын, Димаштың атына лайық емес әр сөз менің жүрегіме инедей қадалады. Сондықтан да, әр жерде бұқпалап жүріп, дәлелсіз күйе жағатындар күңкілдеулерін қоймаса, біз ондайлармен  соттасуға шейін барамыз!    

Біз алтынымыздың қабағына кірбің түсіргенімізді қоймасақ, одан біз ғана ұтыламыз..

Димаш қай елге барса да Димаш!

Талай таланттарымыз біздің күн­шілдігімізден мына өмірден жылап-еңіреп, ішерге тамағы, киерге киімі болмай өтті ғой, соны ұмытпайықшы ағайын! Солардың әндерін осы күнге шейін шырқап, өлеңдерін тамсана жаттап жүрсек те, кезінде олардың жүректерін сыздатқан қасіреттеріне ара түспедік, түсе алмадық. Жа­сы­ра­тыны жоқ, өкінеміз...

Димашымызға әр уақыт ақжол тілеп отырайықшы, ағайын!

 

Бибігүл Иманғазина,

жазушы, Қазақстанның

Еңбек сіңірген қайраткері

1717 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы