• Ақпарат
  • 10 Ақпан, 2009

«Хас сұлудың көз жасындай...»

Сол күннің ертеңіне Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед қаладағы  Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында болды. 1958 жылы салынған театр еліміздегі ең таңдаулы театрлардың бірі.  Министр ғимаратты аралап көріп, театрдың бүгінгі тыныс-тіршілігіне көңілі толатындығын жеткізді.  Қазіргі таңда театр ішінде жаттығу залы, би залы, балет, бильярд, демалыс бөлмелері, жас әртістерге арналған 40 орындық жатақхана жұмыс істейді. Министр дағдарысқа қарамастан 2008 жылмен салыстырғанда   театрға биыл бөлініп отырған қаржының әлдеқайда көп екенін жеткізді. Министр театр ұжымымен кездесіп,  театр басшылығына жаңа тапсырмалар берді.  Еліміздегі мәдени-рухани орталықтар саналатын театрлар шетелдегі секілді сахналық техника, жаңа заманғы дыбыс, жарық беру құрылғыларымен  жабдықталмағанын сынға алған министр: «Театрларды техника жағынан қайта жарақтандыру біздің басты мақсатымыз. Сондықтан көрерменді жаңа туындылармен таңғалдыру үшін, спектакльдерге жаңа технологияларды пайдалану керек.  Мәселен, Лермонтов театры күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін көп театрлардан оқ бойы озық шықты. Қазір онда сахна арнайы бағдарлама арқылы бір компьютермен басқарылады...», –  деген министр «Театр ұлы Ғабең айтқандай «хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» болу керек»,–депсөзін аяқтады.

3641 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы