• Тіл
  • 01 Сәуір, 2021

Латыннегізді жаңа әліпбидегі әріптердің атауы

Кез келген тілдің әліпбиінде әріптердің қалыптасқан атауы болады. Әріптердің атауы сол тілдің дыбыстық ерекшелігін танытады. Осы арқылы бала әріптерді дыбыстап жадына сақтайды, көкейіне түйеді. Олай болса балаға әріптерді үйретуде оның дыбысталуына ерекше назар аударту керек. Қазақ тіліндегі әріптердің атауы ғалым Н.Уәлидің зерттеу еңбегінде кеңінен қарастырылған. Осымен байланысты әріптердің атын беруде ғалымның зерттеу еңбегіне сүйендік.

Дауыстыларды таңбалайтын әріптердің аты: А [а], Ä [ä], E [е], О [о],  Ö[ö], Ū[ū], Ü[ü], Y[у], I[ı]. Бұлар ашық буындағы дауыстылардың дыбысталуына сәйкес келеді. Мысалы, [а]-tа, [ä]-jе, [е]-lıк, [о]-tаn, [ö]-mır, [y]-rys, [ı]-nı, [ū]-ran, [ü]-gııt.

Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар жалаң дыбысталмайды, сондықтан  оларға қысаң [ы], [і] дыбыстары қосылып айтылады.  B [by], D [dy], F [fy], Ğ [ğy], H [hy], J [jy], M [my], N [ny], P [py], Q [qy], S [sy], Ş [şy], T [ty], V [vy], Z [zy] әріптеріне қысаң езулік жуан [y] дыбысы қосылып айтылады. Ал дауыссызды таңбалайтын G [gı], K [kı] әріптеріне қысаң езулік жіңішке [ı] дыбысы қосылып айтылады. Сондай-ақ қысаң дауысты дыбыстар үнділерді білдіретін әріптердің алдынан қосылып дыбысталады: L [yl], R [yr], Ŋ [yŋ], U [ūu], İ [ıi]. Латыннегізді жаңа әліпбиде әріптердің атауы толық сақталған.

 

Жанар Жұмабаева

 

2188 рет

көрсетілді

5

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы