- Руханият
- 08 Сәуір, 2021
ОН ЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ
Ораза – денсаулық кепілі.
Ораза – рухтың тазалығы.
Ораза – тозақтан қорғайтын қалқан.
Ораза – тілектің қабылдануы.
Оразада – ауыз берік.
Ауру – астан,
дау – қарындастан.
Ораза – аштықтың
не екенін білу.
Ораза айында дау-дамайдан, ұрыс-керістен, қиянаттан, зорлықтан, дөрекіліктен, ұрлық-қарлықтан тыйылған жөн. Әлдекім киліксе: «Аузым ораза» де.
Ораза тек ашығу емес.
Ораза – жақсы мінез қалыптастыру. Тәрбиелі тақуа болу.
Бір кем дүние.
Шерхан МҰРТАЗА
1466 рет
көрсетілді0
пікір