• Мәдениет
  • 04 Наурыз, 2009

"Шәмші", №2, 2009 жыл

«Қазақ вальсінің королі» атанып, елін ән бесікте тербеткен Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттауды мақсат еткен «Шәмші» ұлттық мәдениет және ғылыми-танымдық журналының кезекті саны жарық көрді. Басылымның алғашқы беттерінде қаңтар айының соңында Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Алматыға сапары, оңтүстік астанадағы бірқатар өнер ордаларының ұжымдары мен кездесуі туралы егжей-тегжейлі жазылған журналист Қарагөз Сімәділдің материалы орын алған. Бас редактор Қалдыбек Құрманәлінің басылымның өткен нөмірінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке жолдаған «Алматыда Шәмшіге саябақ ашылып, ескерткіш қойылса..» ұсынысына орай редакцияға келіп түскен хаттар жарияланған. Хат авторлары Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұзафар Әлімбай мен композитордың туған қарындасы Раушан Қалдаяқова осы бастамаға үн қосады. «Сол бір кез есімде...» айдарымен жарық көрген Шәмшінің көзін көрген достарының бірі Қалаубек Тұрсынқұловтың композитор туралы «Әнім сен едің» сұхбаты мен Тұйғынбек Темірбековтің естелігі ұлтының ұлы перзентінің мерейін асқақтата түсетіндей. Ал Төлеген Айбергеновтің қызы Салтанат Айбергенованың «Шәмшінің пиониносы» атты мақалада Шәмші Қалдаяқовтың көзіндей сақталған пианино жайлы сыр шертсе, «Сарғайған сурет сыры» айдарынан Шәмші бейнесін көріп көзайым боласыз. Бұл жолы «поэзия» айдарымен ақын Нұғман Асқаровтың бір топ өлеңдері, ал «проза» айдарымен Құдияр Біләлдің «Тылсым» әңгімесі берілген. «Шәмші» журналының бұл нөмірінен Төреғали Тәшеновтің «Патриоттық «ескі»әндер сөзі үшін құрбан бола ма?», Ғалым Сүлейменнің «Қазақтар кәсіпқой бокста бет қаратпады» атты мақалаларын да оқи аласыз.

3585 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №21

22 Мамыр, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы