• Білім және ғылым
  • 29 Сәуір, 2021

ҚОЖАКЕЕВ ЖӘНЕ ЗАМАНСӨЗ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жур­налистика факультетіндегі Е.Шәймерденов атындағы аудиторияда IX Қожакеев оқулары аясында «Темірбек Қожакеев және Қазақстандағы қазіргі сатиралық замансөз» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.

Конференцияға Т.Қожакеевтің туыс­тары, әріптестері, шәкірттері, журналистика және бұқаралық коммуникация зерттеушілері, журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары, БАҚ мамандары, студенттер мен магистранттары және докторанттар қатысты.

Іс-шара журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубектің модератор­лығымен өтті. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ф.ғ.д., профессор Бауыржан Жақып «Т.Қожакеев – ұлттық журналистика теориясының негізін қалаушы» тақырыбында кіріспе сөз сөйледі, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Аязби Бейсенқұлов «Ақиқат жолындағы күрескер – профессор Т.Қожакеевтің Қазақ журналистикасы тарихын зерттеудегі еңбегі» атты баяндама жасады.

Жарыссөзде сатирик Көпен Әмірбек, Меркі ауданы, Меркі ауылындағы №39 жалпы білім беретін Темірбек Қожакеев атындағы мектеп-гимназияның   «Қожакеевтанушылар» әдеби- танымдық клубының жетекшісі Гүлзира Бегімбаева, сатирик, Жамбыл радиосының жетекшісі Бақытжан Советұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының профессоры Гүлмира Сұлтанбаева, сатирик Ермахан Шайхыұлы, т.б. Т.Қожакеевтің ұстаздық, қаламгердік қырына тоқталды.

Конференция барысында Т.Қожакеев атындағы арнайы шәкіртақы берілді және Т.Қожакеев оқуларына арналған байқау қорытындысы жарияланды. Байқау сарапшылары ақын Бекжан Әшірбаев, жазушы Нұржан Қуантайұлы, сатирик Ермахан Шайхыұлы, профессор, ф.ғ.к., Аязби Бей­сенқұловтардың шешімімен Құралай Башанова, Қуантай Жолдасбеков,  Данияр Ихсан, Мария Матрунина, т.б. жеңімпаз атанды.

А.ҰЛТАНБЕКОВА

 

3064 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы