• Әдебиет
  • 20 Мамыр, 2021

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ ЖӘНЕ ТАЗА ҒАЛАМШАР

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, әлемге танымал әдебиетші, лингвист-зерттеуші, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына арналған ­«Олжас Сүлейменов және таза ғаламшар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік ­онлайн конференция өтті.

Конференцияны Қазақ ұлттық ­аг­рарлық зерттеу университетінің Бас­қарма Төрағасы – ректор, ҚР ҰҒА ака­демигі Тілектес Есполов ашып, жүргізіп отырды.

Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басшылары, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыс басшылары, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы, танымал ғалымдар, еліміздегі белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, қаламгерлер, Олжас Омарұлының шетелдегі достары, ТМД мен Қазақстандағы ардагер волейболшы командалас әріптестері, университеттің оқытушы-профессорлары, жас ғалымдар, студенттер қатысып, құттықтау лебіздерін жолдады.

Конференцияда «Жаһандану дәуіріндегі тіл мен мәдениет», «Қоғамдағы тұлғаның орны», «Қазақстандағы жастар саясатының өзекті мәселелері», «Қазіргі кезеңдегі педагогикалық және ақпараттық технологиялар», «Жасыл әлем және жаңа технологиялар», «О.Сүлейменов шығармашылығы және жастардың планетарлық санасы» тақырыптары бойынша пікір алмасу ­болып, баяндамалар тыңдалды,  дәстүрлі «Олжас оқулары» байқауында топ жарған өнерлі студенттер ақынның өлеңдерін оқыды.

«Университетте тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында 2004 жылы «О.Сүлейменов атындағы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты» құрылған. Ақын университет жастарымен жиі кездесіп, әртүрлі шараларға қатысып тұрады. Студенттермен кездесулерде қайраткер тұлға әдебиет, мәдениет, бейбітшілік мәселесі, еліміздің экологиялық проблемалары және жоғары оқу орындарының халықаралық білім кеңістігіне кіруі туралы пайымдауларымен пікір алмасып отырады.

Институт қабырғасында жастардың мәдениеттерді жақындастыру, бейбітшілікті сақтап, планетарлық экологиялық сананы қалыптастыру, мәселелерімен айналысатын «Таза планета» ғылыми-білім беру және танымдық орталығы жұмыс істейді» деп атап өтті ректор.

Конференция барысында ҚР Ауыл­ шаруа­шылығы министрлігі мен универси­теттің Ғылыми Кеңесі атынан мерейтой иесіне «Аграрлық білімге, ғылымға және өндірісіне қосқан үлесі үшін» медалі ­табысталып, ұлттық дәстүр жолымен сый-құрмет көрсетілді.

Нұрлайым БАТЫР

 

2573 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы