• Ақпарат
  • 16 Маусым, 2021

«Айтпайын десем, сөзім бар...»

ҚР Ұлттық кітапханасында белгілі ақын, көсемсөзші, «Құрмет» орденінің иегері Болат Шарахымбайдың жаңадан шыққан «Кісікиік» және «Айтпайын десем, сөзім бар...» атты қос кітабының тұсаукесері өтті.

Ақынның терең толғанысынан туған философиялық ойларға толы жыр жинағы «Кісікиік» деп аталады. Онда рухты ақын табиғат пен адам арасындағы астарлы байланыс үлгілерін айшықты суреттеп, отаншылдық өршіл сезім мен асқақ рухтарға жетелейді. Кітаптың алғы сөзін көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған.
Ал қайраткер ақынның мерзімді баспасөз бетінде жарияланған және оқырманның ыстық ықыласына бөленген журналистік зерттеулері, саяси сараптамалары мен эсселері топтастырылған жинағы «Айтпайын десем, сөзім бар...» деген атаумен жарық көріп отыр. ­Автор бұнда өзі көтерген қай мәселеге де ұлттық мүдде, елге, жерге сүйіспеншілік, азаматтық жауапкершілік тұрғысынан үн қатып, ой айтуға тырысады. Бұл кітапқа кіріспе сөз жазған көрнекті сыншы, филология ғылымының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы.
Аталмыш іс-шараны ҚР Ұлттық кітап­ха­насының ғылыми хатшысы Болат Жүнісбеков ашып, ақынның шығырма­шылығы туралы өз ойын жеткізді. Ал шараны Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлы­ғының лауреаты Әділғазы Қайырбеков жүргізді.
Кітаптың лентасын ақын Бауыржан Жақып, жазушы Бейбіт Қойшыбаев пен белгілі журналистер Марат Тоқашбаев пен Көлбай Адырбекұлы қиды.
Шара барысында «Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбай, Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама бас­қар­масының бастығы Мамай Ахет, тарихшы Ғабиден Жәкей, зерттеуші-ғалым Мұхтар Қазыбек, «Қазақстан дәуірі» газетінің бас редакторы Ертай Айға­лиұлы, жазушы-журналист Талғат Айтбайұлы және т.б. сөз сөйлеп, ақын шы­ғарма­шылығы жайында өз ойларын ортаға салды.
Шара соңында кітап авторы ­Болат Шарахымбай өз өлеңдерін оқып, кітаптарын сыйға тартты.

Н.БАТЫР

7636 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы