• Ақпарат
  • 16 Маусым, 2021

МЕДИА-НАРЫҚТЫ ДАМЫТУ МІНДЕТТЕРІНЕ КӨШУ КЕРЕК

Телеарналардан көрсетілетін телесериалдардың сапасына көрерменнің көңілі толмай, көбінесе сын айтылады. Осы кемшіліктің орнын толтыру мақсатында ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрі А.Балаева сала мамандарымен кездескен еді. 

Кездесуге қатысып, өзінің пікірін білдірген «Информбюро» (31 арна), Zakon.kz, Radiotochka.kz жобаларының жетекшісі, «Хабар» агенттігі» АҚ креативтік директоры, Қазақстандағы Internews Халықаралық ұйымының директоры қызметтерін атқарған, танымал медиа-кеңесші және медиа-продюсер Ержан Сүлейменовтің пікірін білген едік. Ол жиында өзі көтерген мәселелерді айтып берді.
– Алматыда өткен жиында министр мемлекеттік тапсырыс аясында түсірілген телехикаялардың сапасы туралы мәселе көтерді. Жобаларды өнді­ріске шығармас бұрын кинотанушылардың сарап­тамалық кеңесін құруды ұсынды.
Менің ойымша: Біріншіден, министрлік ­медиа-ортаны реттеу және бақылау мақсатынан бас тартып, медиа-нарықты дамыту міндеттеріне көшу керек.
Екіншіден, мемлекеттік тапсырыс бойынша телесериалдар түсіру кезінде – нарық ойыншылары үшін салық төлеушілердің қаражатының тең қолжетімділігі маңызды. Кез келген телеарна өндіруші компаниямен бірге мемлекеттік грант­тарға арналған ашық конкурсқа қатысу үшін «Бар­лығы немесе ешкім» қағидатын жүзеге асырған дұрыс. 
Үшіншіден, жергілікті және республикалық күш құрылымдарын мақтауға міндеттемей, аймақтық теледидар жаңалықтарын қаржыландыруға жеткілікті қаражат бөлу керек. Аймақтарда болып жатқан оқиғаларды көзбен көргенде ғана Ақ Орда мен ел арасында өзара түсіністік сақталады.
Төртіншіден, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын жеке бұқаралық ақпарат құралдарымен теңестіре отырып, ашық конкурстар арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауға арналған барлық бюджеттік қаражаттарды бөлген дұрыс. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының бюджет қаражатын жұмсау туралы ақпаратқа қатысты барлық шектеулерді алып тастау қажет. Есепті толық әрі ашық түрде жариялап, мемлекеттік БАҚ үшін тәуелсіз сараптамалық кеңес құрған жөн.

Жазып алған 
Бағдагүл Балаубаева

 

9877 рет

көрсетілді

96

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы