• Ақпарат
  • 16 Маусым, 2021

ӨНЕР-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында «Өнер – білім бар жұрттар» атты әдеби кеш өткізді. «Бір ел – бір кітап» республикалық акция ­аясында ­Ыбырай Алтынсаринның шығармаларын балаларға насихаттау және 2021 жыл – балалардың кітап оқуын қолдау жылына орай өткізілген шараға кітапханамыздың жас оқырмандары қатысты. 

Шараға келген жас оқырмандарға биылғы жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына алынған кітаптардың ішінен ­Ыбырай Алтынсариннің шығармалары насихатталып, әңгімелерінен үзінділер оқылды. Шара барысында балалармен бірге Ы.Алтынсариннің шығармашылығынан жұмбақтарға жауаптар іздеп, бірге шештік. Ағартушының ғибратты әңгімелерінен қатысушыларға түрлі мысалдар келтірілді. Сонымен қатар балалардың көңілін аулау үшін ертегілер еліне саяхат жасауға кітапхана қызметкерлері көмектесті. Сайысқа қатысқан бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар үлестірілді. Викториналық тест, логикалық сұрақтар, қызықты әңгімелер айтылды. 
Кітапханашылар тақырыпқа сай кітап көрмесін де ұйымдастырды. Көрмеге шолу жасалып, ­ба­лаларға таныстырылды. Кітап оқу жастардың ойлау қабілетін дамытады, ал оқыған шығар­ма­ларын өз араларында талдау олардың ойларын ашық жеткізуге мүмкіндік береді. Шығарманы тал­қылап, өзара пікір таластыру арқылы бәсекеге қабілеттіліктері де оянады деген ойдамын. 2021 жылды балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы болып таңдалғаннан бері кітапхана ­жастармен басқосу шараларын ұйымдастырып келеді. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева өз сөзінде: «Балалардың қызығушылығын ­тудыратын Гарри Поттер сияқты қазақ тіліндегі шығармалар жазылу керек. Біздің елде балалар әдебиетіне қызығушылар, жазушылар бар. Бізге жетпей тұрғаны – балалардың ойынан шығатын, қызықтыратын тақырыптарды табу. Қазіргі балалар Рраффити фолдты, Гарри Поттерді жақсы көреді. Сондай тың идеялы шығарма ­жазылса, балалар оқиды» деді. Расымен де, қазіргі өсіп келе жатқан жастар мен жасөспірімдердің қызығушылығы шетел шығармаларына ауып отыр. Шара барысында осыны ескере отырып кеш қатысушыларына кітапхана қорындағы қазақ тіліне аударылған шетел жазушыларының шығармаларын таныстырдық. 
Әрбір ата-ана, мектеп, мектеп кітапханашы­лары, үлкен-кішінің бәрі – ертеңгі болашағымызды ойласақ, балалар әдебиеті мен бүгінгі жасөс­пірімдердің оқу қабілетін арттыруымыз керек.  Ата-аналармен, мектеп мұғалімдерімен бірлесе алда талай әдеби кештер өткізетін боламыз.

Лаура ЕРІКҚЫЗЫ,
Сағи Жиенбаев атындағы
Ақтқбе облыстық жасөспірімдер
кітапханасының қызметкері

10529 рет

көрсетілді

65

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы