• Руханият
  • 08 Шілде, 2021

Домбыра – ұлттық брендіміз

Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күніне арналған концертке барып, салтанатты шараға жиналған елді құттықтады.

«Бұл – халқымыздың тамыры тереңде жатқан төл өнерін дәріптейтін мейрам. Қазақ пен домбыра – бір-бірінен бөле-жаруға болмайтын егіз ұғым. Домбыра – көне заманның аңыздарына арқау болған киелі аспап. «Ақсақ құлан» күйінің шығу тарихын білмейтін қазақ кемде-кем. Ежелгі дәуірден жеткен қастерлі домбыра ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келеді. Қазақ сан ғасырлық шежіресінің куәсі болған қасиетті аспапты бойтұмарына балаған. Қазіргі тілмен айтсақ, бұл біздің ұлттық брендіміз. Құрманғазының «Сарыарқасы», Тәтімбеттің «Саржайлауы» күй өнерінің шыңы саналады. Нұрғисаның «Аққуы» қазақтың қанына сіңген бекзат өнердің бірегей туындысы. Сондай дарын иелерінен аманат болған киелі мұра бүгінде адамзаттың асыл қазынасына айналды. Күй өнері ЮНЕСКО шеңберіндегі құндылықтар қатарына қосылды. Домбыраны ұлықтап, күй өнерін дамыту үшін елі­мізде көптеген игі істер атқарылуда. Биыл бірінші мамырдан шығармашылық үйірмелер мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істей бастады. Балалар мұндай үйірмелерге тегін қатысатын болады. Осының барлығы жастардың ұлттық құндылықтарды игеруі үшін қажет. Сондықтан домбыраның қадір-қасиетін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру – өте маңызды міндет. Қазір жастарымыз домбыраны заманауи музыкамен ұштастырып, дүниежүзіне танытуда. Бұл төл тарихымыз бен мәдениетімізге әлем халықтарының қызығушылығын арттырады. Қазақстанның бірегей бет-бейнесін қалыптастырады. Ұлтымыздың рухан көтеретін домбыраға әр шаңырақтың төрінде орын бар. Себебі домбыра – қазақтың жаны» деді ­Президент.

  Бұдан кейін Нұр-Сұлтан төріндегі кең сарайда қазақтың күйі күмбірлеп, әні шарықтады. Ұлттық домбыра күніне жиналған халық мерекеден рухтанып, шаттанып қайтты.

850 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы