• Тұлға
  • 08 Шілде, 2021

ЖЕЛТОҚСАН ҚАҺАРМАНЫ – ЖАМБЫЛБЕК

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан төрт азамат (солдан оңға қарай): Түгелбай Тәшенов, Жамбылбек Тайжұмаев, Қайрат Рысқұлбеков және Қайыргелді Күзембаев өздеріне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр. (Юрий Беккер түсірген сурет).

 

Газетіміздің биылғы 17-23 маусым №24 нөмірінде «Биліктің үрейін ұшырған сурет немесе жазалау да бағалаудың бір жолы» деген тақырыппен материал берілгені оқырмандарға жақсы белгілі. Материалмен бірге әңгімеге өзек болған әйгілі сурет те қоса жарияланған. Алайда техникалық себептермен суреттегі екі азаматтың аты-жөндері қате жазылып кеткен. Бұл ағаттық үшін кешірім сұраймыз. Дұрысы: сол жақтан санағанда бірінші тұрған Т.Тәшенов, екіншісі Ж.Тайжұмаев, қалған екеуі Қ.Рысқұлбеков және К.Күзембаев.

Мақалада атап көрсетілгендей сол уақыттағы сот үкімімен Жамбылбек Тайжұмаев (төлқұжатта Тайджұмаев болып жазылған) он бес жылға кесілген. Бұл, әрине, әділетсіз жаза еді. Оның бар айыбы Тәуелсіздік жолындағы күреске қатысқандығы.

Батыр жігіттің зайыбы Ләйлім ­Бай­ғазиевамен болған әңгімеден аңғар­ғанымыз Жамбылбек қазір Алматы қаласында тұрады. Ол түрмеде төрт жылдай отырған. Желтоқсандықтар құрған комиссияның араласуымен ғана ертерек бостандыққа шықты. Әрине, кінәсі болмағандықтан. Бір назар аударарлығы Желтоқсан оқиғасынан бері отыз бес жыл уақыт өтсе де Жамбылбек ­Тайжұ­маев әлі күнге ақталмапты. Бұл енді мүлде кешірілмейтін жайт. Осының өзі елінің бостандығы үшін жазықсыз жапа шеккен азаматтың жан жүрегін қан қақсатып жүргені күмәнсіз. Мұны тиісті орындар жедел ескеріп, әділдікті қалпына келтірер деген зор сенім бар.

Шындығына келгенде сот алдында еш тайсалмастан, қасқайып тұрған төрт жігіт нағыз намысшыл, аршыл азаматтар болатын. Олардың елге, жерге деген махаббаты, еркіндікке ұмтылысы жас ұрпаққа үлгі-өнеге екені анық.

Жалпы Желтоқсан қаһарманы, қазақтың ержүрек жігіті Жамбылбек Тайжұмаев туралы алдағы нөмірлердің бірінде кеңірек әңгімелейтін боламыз.

Нұркен ЖАНДӘУЛЕТҰЛЫ

 

2494 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы