• Тарих
  • 08 Шілде, 2021

ҰЛЫ ДАЛА ДАСТАНЫ

Нұрболат АБАЙҰЛЫ

«Ana tili»

 

Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің орталық көрме залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Журналистер одағының және ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сейсенхан Орынбекұлы Маханбетовтың 60 жасқа толған мерейтойлық «Ұлы дала дастаны» атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды.

Салтанатты шараға ҚР Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов бастаған қылқалам шеберлері қатысып, көрме иесінің шығармашылығына қатысты ақжарма тілектерін айтып, сәттілік тіледі. Қаламдастарының айтуына қарағанда, Сейсенхан Орынбекұлы шығармашылықпен белсенді айналысып және көрмелерін жиі ұйымдастырып жүрген үлкен шығармашыл тұлға. Мәселен ол 40-тан астам халықаралық және республикалық көрмелер мен симпозиумдардың тұрақты қатысушысы екен. Атап айтқанда 2018 жылы ұйымдастырылған республикалық «Төле би және оның заманы» көрме-байқауының бірінші орын иегері атанған. Ал 2019 жылы «Түрленген Түркістан» атты сурет көрме-байқауының бас жүлдегері атанады. Суретшінің бұл жолғы көрмесі туған жері Түркістаннан бастау алып, еліміздің көптеген қалаларында өткізу жоспарланыпты. Көрмеге суретшінің 60-тан астам шығармалары қойылған. Ол ­туындылары әріптестерінің жоғары бағасына ие болып жүр. Көрме 12 шілдеге дейін жалғасады. Сондықтан суретшінің шығармашылығына қызыққан қала тұрғындары мен өнер зерттеушілерінің көрмені тамашалауына мүмкіндіктері бар.

 

1798 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы