• Қоғам
  • 14 Шілде, 2021

ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛЕНДІ

Алматы облысының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен семинар өтті. Оған этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.

 

Жиында этномәдени бірлестік­тердің жұмысын жандандыру және мәдени құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақ­станда тұратын этностар арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, өткізілетін іс-шараларды тиімді жоспарлау мәселелері қаралды. Семинардың модераторы «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Жандос Байқамитов семинардың мақсатымен көпшілікті таныс­тырып, өңірдегі татулық пен тұрақтылық жайлы сөз қоғады.

– Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жыл сайын бекітілген жоспар бойынша жүйелі жұмыс атқарып келеді. Жұмыстың нәти­желі атқарылуына сіздер қосқан үлес зор. Біздің мақсат – халықтар арасындағы достықты нығайтып, татулық пен келісімнің жібін үзбей, берекеміз бен бірлігімізді арттыру. Осы мақсаттың орындалу жолында тынбай еңбек етіп жүрген сіздерге алғыс айтамын. Алдағы уақытта да жақсы нәтиже көрсетіп, Жетісу жерінде ғана емес елдегі этнос арасындағы бірліктің, татулықтың, сыйластықтың дәрежесін арттыра берейік. Біз өткізетін түрлі іс-шара жастарға терең ой салуы тиіс. Жас ұрпақ достықтың, татулықтың, береке-бірліктің шынайы көрінісін көріп өссе бұл біз жеткен ең үлкен жетістігіміздің бірі болмақ. Жасаған әр дүние жас ұрпаққа қаншалықты пайдалы болатынын да назардан тыс қалдырмауымыз керек. ­Сонымен қатар Қазақстанда тұратын этностар арасында мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру бойынша өтетін шаралардың санын арттыруымыз керек. Жалпы жыл сайын қазақ тілінің мәртебесін арттыру мақсатында түрлі байқау ұйымдастырылады. Жыл өткен ­сайын аталған байқауға қатысуға тілек білдіргендер саны артып келеді. Демек, біздің атқарған жұмыс өз жемісін берді деген сөз. Достық пен татулықтың шынайы көрінісін көрсетіп, алдағы жұмысты да жақсы нәтижемен бастайық деп айтқым келеді, – деді Жандос Байқамитов.

Жалпы «Рухани жаңғыру» аясында жалпыұлттық тарихи сананы ілгерілету және ұлтты біріктіретін құндылықтарды нығайту бойынша облыста атқарылған жұмыстың нәтижесі көңіл қуантады. Ұйым­дастырылған әрбір шараның берері мол. Әсіресе өскелең ұрпақ осындай шараларға көптеп жұмылдырылады. Биыл Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдығы шең­берінде өткізілетін жобалар мен іс-шаралар жоспарлары бекітіліп, бірінші жартыжылдықтағы этно­мәдени бірлестіктердің қызметі қаралды.

Жиында әр этнос орталықтардың мүшелері жастарға тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін, осы жолда құрбан болған талай боздақтардың ерлігі жайында жастарға көп айтып, арнайы бейнефильм түсірсек деген ұсынысын айтып, қатысушылар пікірлерімен бөлісіп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Еңлік БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Алматы облысы

1037 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы