• Білім және ғылым
  • 14 Шілде, 2021

Мың кітап тарту етілді

Алматыда Қайнар академиясының оқу залында ­Рухани жаңғыру бағдарлама­сының аясында «Білім – кітапта» атты Академия ғалымдарының ел тәуелсіздігі жылдары жарық көрген кітаптарының көрмесі ұйымдасты­рылып, сондай-ақ жаңа кітаптарының тұсаукесері өткізілді.

Іс-шараны кіріспе сөзбен ашқан Академия президент-ректоры, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, профессор Еренғайып ­Омаров Қазақстан тәуелсіздігімен бірге түлеген Қайнар Академиясына да 30 жыл толып отырғанын айта келе: «Академия ғалымдарының осы жылдар ішінде экономика, заң, тіл білімі, педагогика мен психология, шет тілдері, журналистика мен информатика салалары бойынша шығарған мыңға жуық монографиялық еңбектер, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар мен электрондық оқу басылымдары жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы әлеуетінің деңгейі жоғары екенін көрсетері анық.  Ал бүгін таныстырылымы өткелі отырған жаңа кітаптар да университеттік білім беру талаптар үдесінен шығатын құнды еңбектер деп сенімді түрде айтуға болады» деді.

Академияның ғылыми жұмыстары бойынша проректоры, ҚР ҰҒА-ның құрметті академигі, экономика ғылымының докторы, профессор Әбдіжапар Сапарбаев ректор тілге тиек еткен академия ғалымдарының 30 жыл ішінде дайындаған еңбектеріне қысқаша шолу жасап, білім берудің әртүрлі бағыттарына арналған жаңа кітаптардың мазмұнына ерекше тоқталды.                                            

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қала­сынан арнайы келіп қатысқан Қазақстан Ұлттық жаратылыс­тану ғылымдары академиясын вице-президенті (ҚазҰЖҒА), ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиев Қайнар академиясының ғалым­дары ҚазҰЖҒА акаде­мия­сының белсенді мүшелері екенін айта келіп, қос академия ғалымдарының бірлесіп орындаған ғылыми жобалары, зерттеулері және моно­гра­фиялық еңбектері қазақс­тан­дық ғылымды одан әрі да­мы­туға қосылған үлес деп бағалады.

Кітаптар тұсаукесерінде сөз алған  «Қазақ психологиялық қоғамы» Республикалық ­қоға­м­дық бірлестігінің президенті, психология ғылымының докторы, профессор Мұқан Перленбетов пен профессорлар Салтанат ­Омарова және Бақытбек Қалағанов жоғары білімді мамандар дайын­дауда және ел ғылымы мен білімін дамытуда үлес қосар еңбектер екенін, әрі ең бастысы, білім алушылардың кәдесіне жарар құнды кітаптар екенін айтты.

Тұсаукесер рәсімін қоры­тындылаған Қайнар акаде­миясының президент-ректоры Еренғайып Омаров Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Академия ғалымдары шығарған 1000 кітап ҚР Ұлттық кітапханасына тарту етілетінін мәлім етті.

Іс-шара Академия ұйым­дастырған «Білім сапасын қамтамасыз етудегі заманауи трендтер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік ­кон­ференцияға ұласты.

 

А.Ұлтанбекова

 

4694 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы