• Руханият
  • 05 Тамыз, 2021

Бекзат өнер

Бесігін бағалаған
Жақсыны жағалаған

Фотожурналистика ­саласында жарты ғасырға жуық қызмет ­еткен белгілі фототілші Нұрманбет Қизатұлымен осы саланың қыры мен сыры, жеңісі мен жемісі туралы аз-кем әңгімелескен едік.

 

– Қазақтың қаншама марғасқа тұлғаларының фотосын түсіріп, халқымыздың құнды мұрасына айналдырдыңыз. Фотограф болу үшін қандай мінез керек деп айтар едіңіз?

– 1965 жылдан бастан суретшілік кәсіппен айналыстым. 1965 жылдан 1970 жылға дейін аудандық газетте қызмет еттім, 1980 жылдан облыстық газетке келдім. Алматы төңірегінде тұратын қазақ қайраткерлерінің біразын суретке түсірдім десем болады. Оны санамалап айтпай-ақ қоялық. Жалпы суретшілік өнерді үйрену оңай емес. Ол үшін, ең алдымен, адамның өзінде негіз болу керек. Сол негіз арқылы ойын, талантын ұштап барып қана биігіне жететін өнер ғой. Киноны көп көру маңызды. Оның оқиғасына мәз болып отырмай, сыншысы бола білу қажет. Кинодағы, театрдағы актерлердің ойнаған рөлінің барлығын, жай ғана уақытыңды өлтіріп емес, соның бәріне сын көзбен қарап отыру керек. Мен режиссер, драматург болсам деп ойлайтынмын. Оған қол жетпеді. 9-10 сыныпта Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романынан кішкентай сценарий жазып, ауылға спектакль қойғанмын. Ол кезде қызын сыртқа жіберсе артынан қарауыл қоятын кез. Сондай күрделі кезде де қыздарды рөл сомдауға көндірдім.

Қазіргі редакторлар суретке көп талап қоймайды. Ал біздің кезімізде он сурет апарсақ біреуін алып, қалған тоғызы қалатын. «Оқиғаны дұрыс баяндай алмағансың» деп қалғандарын газетке өткізбейтін. Осының арқасында адамның талабы, талғамы өседі. Газет бетін толтыратын суреттерді әкеліп қоя салмай, кетіп бара жатып газеттің макетін сызып, «Мына шығармашылыққа мынандай фото берем» деп жүретінмін. Келгеннен кейін де жігіттерге айтып жүріп ойымды мақұлдататынмын. Адам өзі алдымен бір нәрсеге бейім болу керек. Ол мейлі шахтер болсын, қолөнерші болсын. Сосын ары қарай соны дамытады. Ал суретшілікке, саяхатшылыққа, сауыншылыққа бара салып, «Еңбек Ері» атанамын деу бекер. Өз бейімінің төңірегінде еңбек етсе, содан бір нәрсе шығады.     

Қария
   

– Ұзақ жылдан бері осы салада жүрген маман ретінде Қазақстанда фотоөнерді бағалау жағына көңіліңіз тола ма?

– Фотоөнерді бағалаған кез аз ғой. Тәуелсіздік алғанша Мәскеудің қызығы үшін, солардың идеологиясымен жүрдік. Одан бертін келе ғана бұл салада қозғалыс болды. Асылхан Әбдірайымұлы «Фотоөнер» бірлестігін ашты. Ол көп жас талапкерлердің көзін ашып, көмегін көрсетті. О дүниелік болған суретшілердің атаулы күндерін ұмыт қалдырмай, альбомдарын шығарды. Сол сияқты көптеген жұмыс атқарды. ҚазҰУ-да біраз жасты тәрбиеледі. Осы өнер бойынша дипломдық жұмыс жазған біраз студент менен пікір алды.

Текемен текетірес

– Еліміздегі фотоөнердің болашағына не айтар едіңіз?

– Асылхан кішкене жетектеп, қазақ фотоөнерін ел қатарына қосамын деп талпынып жүр. Жастарды фотоөнерге баулитын адам аз ғой. Оған қаражат, бас қосатын арнайы жер керек. Жоғары жақтан көмек болса бәрі де реттелер еді. Орыс газеттерінде фотоөнерге қамқорлық бар. Олардың фотоаппараттары да сапалы. Суреттерінің сапасы мықты. Бірақ композициясы жөнінен керемет дей алмас едім. Олар тек сапасымен озып отырады. Композиция, режиссура жағынан кемшіндеу. Бізде осы салаға жанашырлықпен қарап, жетектейтін адам болу керек. Жетектесе өсетін жас шәкірттер табылады.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Нұрлайым БАТЫР

2065 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы