• Қоғам
  • 05 Тамыз, 2021

Әлхамдулиллаһ, 19 миллион халықпыз!

Өткен ғасырдың алғашқы онжылдығында қазақ көсемі Міржақып Дулатов «Аз емеспіз,

6 миллион халықпыз, әлхамдулиллаһ, надандыққа ғарықпыз» деп еді. Қазақ атын иеленген кең-байтақ мемлекеттің тұрғындары, міне, осы күні 19 миллионыншы тұрғынын тіркеді.

Иә, біз он тоғыз миллионға жеттік! Осынау өлкеде өмір сүрген, болашақ үшін талпынған, жаңа өмірге қол созған талайлардың үкілеген үміті мен болашағы болып он тоғыз миллионыншы тұрғынды қарсы алдық. Дүниеге есігін жаңа ашқан бүлдіршіннің есімі – Жәния. Мұндайда қазақ «қыз – өріс» дейтін бе еді? Қазақтың өрісі ұзарсын! Ол – бір шаңырақтағы төртінші перзент. Демек, халықтың жалпы өсіміне үлес қосқан сәби.

Қазақ елінің он тоғыз миллионыншы тұрғынының ғұмыры ұзақ болсын! Қазақтың да аты алысқа озсын, саны көбейсін, мемлекеттілігі мәңгілік болсын!

1638 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы