• Қоғам
  • 11 Тамыз, 2021

«Ashyq» қосымшасының халыққа пайдасы

Қазір кез келген жерге, сауда орталығына, тамақтану орындарына, т.б. көпшілік жиналатын жерлерге бара қалсаңыз «Ashyq» қосымшасын талап етеді. 

«Ashyq» қосымшасы карантиндік шаралар кезеңінде бизнеске өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік беріп отыр. Қоғамдық орындарға шығу үшін азамат «Ashyq» қосымшасы арқылы арнайы QR-кодты сканерлейді және кіре берісте қосымшада көрсетілген тәуекел рейтингін ұсынады.

«Ashyq» мобильді қосымшасының негізгі мақсаты QR-кодты пайдалану арқылы  азаматтардың бойында вирус бар-жоғын анықтау. Бұл қосымша бизнеске карантиндік шаралар кезеңінде өз қызметін жалғастыруға, сондай-ақ Covid-19 таралу тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жұқтыруға әкелетін байланыстар ­санын қысқартады.

Кәсіпкерлер үшін де, азаматтар үшін де бұл қосымшаны пайдалану тегін. «Ashyq» қосымшасының халыққа пайдасы аз емес. Ең бірінші ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. COVID-19-дың кез келген түрімен (симптомдық  не симптомдық   емес) ауырған немесе олармен жақын байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға бару фактілері ұшырасады. Олар осылайша вирустың таралу қаупін тудырады. Ал қосымша осындай адамдарды анықтауға мүмкіндік береді және басқа қонақтар мен персоналға вирус жұқтыруға жол бермейді.

«Ashyq» сервисі тегін мобильді қосымшалар түрінде iOS және Android-те, сондай-ақ веб-нұсқа арқылы қолжетімді. Болашақта оны басқа да әлеуметтік маңызды eGovMobile сияқты мобильді қосымшалармен және банктердің қосымшаларымен интеграциялау жоспарланып отыр.  

Қосымшамен жұмыс істеу процесі былайша болады:

«Ashyq» жобасының қатысушысы болып табылатын мекемеге кірген кезде келуші өз телефон нөмірі арқылы қосымшаға кіріп авторизация­дан өтеді, ЖСН енгізеді және өзінің келгенін тіркеу үшін мекеменің QR-кодын сканерлейді.

Түс түріндегі бұл мәртебені мекеменің жауапты қызметкеріне көрсету керек, түсіне байланысты келушіні кіргізеді немесе мекемеге кіруге рұқсат бермейді.

Қызыл мәртебе қозғалысты шектеу, амбулаторлық қадағалаудағы тұлғалар үшін үй оқшауының қатаң режимін сақтау керектігін білдіреді.

Сары – қозғалысты ішінара шектеу. Пайдаланушы коронавирустың ПТР деректер қорында байланыста болған ретінде белгіленген болса: пациентке үй оқшауының режимін қатаң сақтайтын орыннан 500 метр­ден ары емес орналасқан азық-түлік және шаруашылық дүкендеріне, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі.

Көк мәртебе – ПТР міндетті ­болатын орындардан басқа жерлерде қозғалысқа шектеу қойылмайды.

Жасыл мәртебе қозғалысқа шектеу жоқ және пайдаланушы деректер қорында COVID-19-ға ПТР тесттен теріс нәтиже көрсеткен ретінде белгіленген дегенді білдіреді.

Егер келуші кірген кезде «Ashyq» пайдаланудан бас тартса, онда мекеме оған қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы, өйткені клиент вирусты таратудың көзі болуы мүмкін және айналасындағыларға әрі персоналдарға қауіп төндіруі ықтимал.

Н.ЖАҚЫПОВА

1398 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы