• Қоғам
  • 11 Тамыз, 2021

Атыс жаттығуы – негізгі қару

Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімнің жеке құрамы қатарын толықтырған сарбаздар атыс даярлығының жоспарына сәйкес АК-74 қаруынан оқ ату жаттығуын өткізді.

Атыс жаттығуының мақсаты – сарбаздардың машығын жетілдіріп, дағдыларын шыңдау.

Жаттығу алдында жеке құрам қауіпсіздік ережелерін қайталап, қаруды бөлшектеп, қайта жинау іс-қимылдарын орындап, атыс алаңында оқ атты. Медициналық көмек көрсету сабақтарына да қатысты. Бұдан өзге сарбаздар әскердің күнделікті дене даярлығы, мемлекеттік құқықтық даярлық сабақтарына да қатысып, әскери өмірдің қыр-сырын үйреніп, дағдыланып жүр.

Бұл – сарбаздардың әскери бөлімдегі бірінші атыс жаттығуы емес. Сондықтан олар қарудан атуда үздік нәтижелер көрсете білді.  

– Алғашқы күндері қаруды ұстап, одан ату қобалжытқаны рас. Дегенмен, уақыт өте келе тәжірибе мен машықтанудың нәтижесінде, жақсы көрсеткішке қол жеткізіп келеміз, – деді үздік нәтиже көрсеткен ефрейтор Бекзат Амалбек.

Сарбаздар бір жыл бойы тек АК-74 автоматынан оқ атып қана қоймай, басқа да қару түрлерін зерделейді. Әскердің, тәртіпке бағынудың, Отанды қорғаудың барлық қыр-сырын үйреніп, нағыз жігіттік мектептен өтеді.

– Бүгінгі атыста сарбаздар алғашқы кезбен салыстырғанда машықтанғанын, ептілік пайда болғанын, жүрексінудің сейілгенін көрсетті. Осылайша, бір жыл ішінде дәлдікті, көздеуді, нақтылықты біліп қана қоймай, тәртіпке, ережеге, саптық даярлықты үйренеді, – деді нұсқаушы сержант Айбек Күртібаев.

Әскери бөлімде мерзімді қызметтегі сарбаздармен өткізілетін барлық шарада санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталатынын айта кеткен жөн.

 Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ,

Приозерск гарнизонының

баспасөз хатшысы

 

1924 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы