• Қоғам
  • 26 Тамыз, 2021

ҚОЛДАН ЖАҢБЫР ЖАУҒЫЗҒАН

Маңғыстау өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында қуаңшылықпен күрес мәселесі талқыланып, жасанды жолмен жаңбыр ­жаудыру технологиясы ұсынылды. Бизнесмендер бұл ­бастаманы қолдап отыр.

Технология апробациядан өтсе, өңірде бес құрылғы қондырып, барлық жеріне жаңбыр жаудыруға болады. Қуаңшылықтан қиындық көрген шаруалардың мәселесін шешіп, қырылып жатқан жануарлар құтқарылады.

Отырысқа қатысқан фермерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер мен облыстық әкімдік өкілдері жаңа технологияға қатысты жан-жақты мәселені көтерді.

«Қазір Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыс­тарында құрғақшылық болып жатқаны өздеріңізге белгілі. Малдың көлемі, жерге экоцид, өсімдіктің өспеуі, мал жайылымының тарылуы сияқты көптеген мәселе туындап жатыр. Біз проблемадан шығу үшін елге қажет әдістерді іздеп, климаттық технологияның бар екенін біліп, мамандарды Маңғыстауға шақырдық. Қазір қолдан жаңбыр жаудырудан басқа жолын көріп отырған жоқпыз» деді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Еділ Жаңбыршин.

Бірнеше мемлекетте сыналған жаһандық International Center of Climate Change Technologies жобасын елімізге ендіріп отырған Central Asian Center of Climate Change Technologies компаниясының басшысы Алтай Айнабектің айтуынша, бұл технологияның негізінде әлемде бірнеше ғана компания жұмыс істейді. Азаматтық мақсатқа қолдануға болады. Қоршаған ортаға, адамдарға, жан-жануарға, ұшақтарға әсер етпейді – ешқандай зияны жоқ. Ол туралы еуропалық De Nayer зертханасының оң қорытындысы бар – Clear Sky Manager ­технологиясы.

Компания өкілі климатқа, су шаруашылығына қатысы бар жергілікті мамандар аудандарды аралап, құрылғыны қондыратын бес орынды анықтап беретінін атап өтті.

Отырысқа қатысушылар бұл климаттық технологияны Маңғыстау облысында тәжірибеден өткізіп, сынап көрейік деген шешім шығарды. Бұдан басқа облыс әкімдігіне, Ауыл шаруашылығы, Экология министрлігіне тиісті ұсыныс жасалады.

1890 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы