• Мәдениет
  • 02 Қыркүйек, 2021

АҚ ОРАМАЛДЫ АЯУЛЫМ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ­Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі VІ саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен елімізде жыл сайын «Ақ ­орамал» акциясы өткізіледі. Бұл дәстүр биыл Семей ядролық полигонының ­жабылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. 

Акция барысында Алматы облыстық Қазақстан халқы ­Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі төрайымы Несіпжамал Баймадиева: «Біз, ­Аналар Қазақстанның біртұтас халқын, ­Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Адамзатты соғыс қаупінен құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек» деген бастамасын колдауға шақырып, балаларымызды бейбітшілік сүйгіш етіп тәрбиелеуге, жоғары сана мен парасаттылыққа үндейміз! Балаларымыз соғыстың не екенін білмеуі тиіс. Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау – біздің ортақ мақсатымыз. Кейінгі ұрпақ ақ жаулықтың қадірі мен қасиетін білсін деген ниетпен биыл көптеген игі істерді атқаратын боламыз. Қазақ халқы ақ түске тазалықтың белгісі, адамның ойы мен жан дүниесінің пәктігі деп ерекше мән береді. Өмірге шыр етіп келген сәбидің өмірінің негізі саналған ананың сүтінен нәр алады. Адамның абырой биігі, ізгіліктің, аманатқа адалдығының белгісі де ақ түстен тұрады. Ниеті ақ, пейілі кең халқымыз әр дүниенің қадірі мен қасиетін жоғары бағалайды» деп шараның мән-маңызына тоқталды.

Мәні мен мазмұны терең осынау акция еліміздің әр аумағында өте жоғары деңгейде өтті. «Ақ oрамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған. ­Тарих беттерінен әйел-ананың басындағы орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастауы – олардың  жанжалды тоқтатуына себеп болғанын оқыған едік. Ұрыс даласында жүрген қос тарап та жерге түскен ақ орамалдан соң дауды тоқ­татып, ушықтырмай, татуласатын бол­ған. Міне, ақ орамалдың киесі осындай.

Елдің барша азаматтарын «Ақ орамал» акциясын өткізуге қатыстыру арқылы олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бей­біт­шілік идеясы аясына шоғырландыру мақсатында өткен шараға облыс аума­ғындағы барлық Аналар кеңесінің мүшелері зор қолдау білдірді. Мәселен, Іле ауданы Өтеген батыр ауылының Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Ақ орамал» акциясы аясында аудандық мешітте имам жаңадан шаңырақ көтерген жастардың некесін қиып,  Аналар жас келінге ақ орамал салып,  ақ жаулықты кірлетпей,  ақ сүтті ақтаған ұрпақ өсіруін тілеп, бата берді. Чапай ауылында  Ардагерлер ұйымымен бірге Аналар кеңесі бөлмесінің ашылу салтанаты және «Ақ орамал – бейбіт болашақтың белгісі» тақырыбында іс-шара өткізді. Жастармен онлайн кездесу ұйымдастырып, әйел адам үшін ақ орамалдың қадірі қаншалықты жоғары екені айтылды.

Райымбек ауданының Аналар кеңісінің мүшелері дәл осы акция аясында перзентхана мен АХАЖ бөліміндегі жас келіндерге ақ орамал сыйлады. Батамен көгерген халықтың ұрпағы болғандықтан ақ баталарын арнады.

Елдің амандығын тілеуден шаршамайтын асыл Аналар ақ жаулықтарын тағып, ауданның басты көшесімен жүріп, өскелең ұрпаққа үлкен сабақ боларлық іс атқарды. Отан үшін от кешкен, ел үшін жанын берген азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоғын қойды.

1300 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы