• Ақпарат
  • 02 Қыркүйек, 2021

Көрнекті заңгер-ғалым Еркін Оңғарбаев 60 жасқа толды

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның құрметті заңгері, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев - 60 жаста.

Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев -1961 жылы 3 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолақ-Қорған ауылында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің түлегі, РСФСР ІІМ Мәскеу университетінің адъюнктурасында оқып білім алып, кейін Ресей ғылым академиясының мемлекет және құқық институтында докторлық диссертациясын қорғады.

Мәскеу қылмыстық құқық ғалым-заңгерлерінің мектебі өкілдерінің бірі ретінде Е.А. Оңғарбаев өзінің қылмыстық құқық саласындағы қазақстандық ғылыми мектебін құра алды. Бүгінгі таңда ғалымның жетекшілігімен үш докторлық және он жеті кандидаттық диссертация, сондай-ақ екі PhD-диссертация қорғалды.

Е.А. Оңғарбаевтың кәсіби қызметі КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде комсомол комитетінің хатшылығынан басталып, оқытушы, аға оқытушы, доцент, бөлім басшысы, басшының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерінде 1990-1999 жылдар аралығында жемісті еңбек етті. Одан кейін көптеген беделді жерлерде, атап айтқанда, 1999-2000 жылдар аралығында ҚР ҰҚК оқу орындары басқармасында басқарма басшысы, 2000-2003 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі төраға кеңесшісі, 2003-2007 жылдары  «КазГЮУ» Университетінде оқу, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, бірінші проректор, академиялық мәселелер жөніндегі вице-президент, 2007-2010 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасы, 2010 жылы «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ басқарушы директор - басқарма мүшесі, 2011-2012 жылдары «Астана» Университетінің ректоры, 2013-2015 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде заң факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректор, 2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында бірінші проректор, 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті төрағасы, 2019-2020 жылдары  «Отандастар қоры» КЕАҚ басқарушы директоры болып еңбек етті.

2020 жылдың қаңтарынан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры лауазымында жұмыс атқаруда.

Е.А. Оңғарбаев орасан зор тәжірибемен үйлесетін терең теориялық көзқарасы бар, жоғары кәсіби заң білімі мен заң ғылымының дамуына, заңдылықты нығайтуға және ұлттық заңнаманы жетілдіруге баға жетпес үлес қосты және қосып келеді десек артық айтпағанымыз. Мәселен, Е.А. Оңғарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» Заң тұжырымдамалары жобалары; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» заң жобалары; «Шетелдегі қазақ диаспорасын қолдау және репатриациялау жөніндегі 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» тұжырымдамасы жобалары авторларының бірі.

Қылмыстық құқықтың да, жалпы заң ғылымының да қазіргі жағдайын ғалымның еңбектерісіз елестету мүмкін емес. Мәселен, Е.А. Оңғарбаев 140-тан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде «Классификация преступлений и ее правовое значение», «Категория преступлений небольшой тяжести по уголовному праву Республики Казахстан», «Тяжкие преступления по уголовному праву Республики Казахстан»,  «Теоретические основы классификации преступлений в уголовном законе», «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы» және т.б. сияқты қылмыстық құқық, криминология, құқықтың теориялық проблемалары, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі мәселелері бойынша монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдары да бар.

Е.А. Оңғарбаев өзінің ғылыми еңбектерінде қылмыстарды жіктеудің жалпы теориялық мәселелерін ғана емес, сонымен қатар қылмыстың әлеуметтік-құқықтық мәнін, генезисін, қылмыстық құқықтағы қылмысты жіктеу ұғымын зерттеді, қылмыстарды жіктеу мәселелері бойынша отандық және қылмыстық заңнамаға тарихи-құқықтық талдау жүргізді. Ғылыми ортада Е.А. Оңғарбаев республикамыздың көлемінде ғана емес, басқа да мемлекеттерде де үлкен әріппен жазылған криминолог-ғалым болып есептеледі.

Осылайша, Е.А. Оңғарбаев көптеген ғылыми еңбектерінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының заң ғылымының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосып келеді.

Қазіргі уақытта Е.А. Оңғарбаев жоғары білім беру саласындағы басқарушы лауазымында қызмет атқара отырып, классикалық канондармен үйлескен қашықтықтан оқытудың инновациялық әдістерін белсенді түрде ілгерілетуде. Бұған оның БАҚ-та, жоғары импакт-факторы бар республикалық және шетелдік ғылыми басылымдарда жариялған еңбектері бірден бір дәлел бола алады. Бұл фактор өткен жылы бүкіл әлемге әсер еткен ұзаққа созылған дағдарыс кезеңінде жоғары білім беру мекемесін жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік берді.

Е.А. Оңғарбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6D030100 – «Құқықтану», 6D030200 – «Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша докторлық диссертация қорғау, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесінің төрағасы (2015), сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының философия докторы (PhD), «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларының бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы (2015-2016) ретінде ғылыми кадрлар даярлау үшін көп жұмыс атқарды.

Еркін Әнуарұлының ғылыми шыңдарға жетуі оның көптеген халықаралық және шетелдік конференцияларда, іс-шараларда баяндама, сөз сөйлеуімен расталады. Атап айтқанда, ҚР Ғылым комитетінің төрағасы ретінде ол Парижде өткен ЮНЕСКО форумында баяндама жасаған болатын. ҚР Құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры лауазымында Бейжіңде өткен Жаһандану дәуіріндегі қылмыстық құқық мәселелері жөніндегі Халықаралық форумның жетінші сессиясына, сондай-ақ Мәскеу қаласында өткен «Ресей Федерациясындағы заңдылық: дәуір сын-қатерлері (Сухарев оқулары)» конференциясына қатысты. Сондай-ақ, «Отандастар қоры» КЕАҚ-да жұмыс істеген кездері, ол репатриацияның құқықтық мәселелерін, шетелдегі отандастарды қолдаудың халықаралық тәжірибесін зерделеуге белсенді қатысып, Польша, Израиль, Оңтүстік Корея және т.б. елдердің мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдары өкілдерімен кездесті.

Профессор Е.А. Оңғарбаев әлемнің жетекші ғылыми және білім беру орталықтарында: Беркли қаласындағы Калифорния университетінде, Лондон экономика және саяси зерттеулер мектебінде, Сингапур менеджмент университетінде және т.б. ұйымдарда ғылыми тағылымдамалар мен біліктілікті арттырудан өтті.

Ғалымның құрметті атақтары мен марапаттары оның еңбегін мойындаудың жарқын мысалы болып табылады. Жоғары кәсібилігі үшін Е.А. Оңғарбаев «Құрмет» орденімен (2006), «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен (2011); келесідей мерейтойлық медальдармен – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астана» (2006), «Астанаға 10 жыл» (2007), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015), «Астанаға 20 жыл» (2018), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020); төс белгілерімен – «Қазақстан Республикасының білім сласының құрметті қызметкері»  (2004); «ҚР ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2006); «Ы.Алтынсарин» (2008); «Мемлекеттік қызмет үздігі» (2018); «Қазақстанның құрметті заңгері» (2020) марапатталған.

Ғалымның кәсібилігі мен ғылыми жетістіктері біздей жас ғалымдар үшін үлгі болып табылады. Осы мерейтой аясында профессор Еркін Әнуарұлы Оңғарбаевқа зор денсаулық, отбасылық амандық, ғылыми және шығармашылық әлеуетін, жаңа идеялары мен кәсіби жетістіктерін одан әрі жүзеге асыруға тілектеспіз!

 

Галиакбарова Г.Г., PhD

Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

азаматтық, еңбек және

экологиялық құқық кафедрасының

доценті м.а.

6401 рет

көрсетілді

67

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №14

11 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы