- Мәдениет
- 09 Қыркүйек, 2021
АБАЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ КІТАБЫ КӨРМЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ

Қазақстандық зиялы қауым өкілдері, кітапханашылары және блогерлерден құрылған делегация өкілдері «Соғыс және бейбітшілік» атты халықаралық экспедиция жобасы бойынша Ресей мемлекеттік кітапханасында ұлы ақындар Абай, Жамбыл Жабаев және Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған халықаралық көрмеге қатысты.
Көрмеде ресейлік және қазақстандық кітапханалардың сирек кездесетін және эксклюзивті басылымдары ұсынылады. Сондай-ақ ақын Абай Құнанбайұлының жарық көрген алғашқы кітабы да қойылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған халықаралық экспедицияға Ресей Мемлекеттік кітапханасының директоры Вадим Дуда, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева, Ресей Жазушылар Одағының Басқарма Төрағасы Николай Иванов, РФ Жазушылар одағының мүшесі Григорий Пряхин, ҚР Жазушылар одағының мүшелері Баянғали Әлімжанов, Мерей Қарт, Әлібек Байбол, ЕҰУ профессоры Сейдахмет Құттықадам және басқа да екі елдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысуда.
«Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті» жылының бағдарламасын жүзеге асыра отырып, жоба аясында Ресей Жазушылар одағымен, балалар авторларымен және иллюстраторлармен кездесулер мен Ресей мемлекеттік балалар кітапханасында дөңгелек үстел де өткізу жоспарға алынып отыр. Қазақстандық және ресейлік зиялы қауымның кездесулері мен бірлескен іс-шаралары мемлекетаралық байланыстарды нығайтады және Қазақстан мен Ресей арасындағы бірыңғай мәдени-патриоттық кеңістікті қалыптастырудың алтын көпірі болып саналады.
Сондай-ақ жобаны ұйымдастырушылар мен қатысушылардың алдында тұрған маңызды міндет – Қазақстан мен Ресей кітапханаларының оқырмандарын таныстыру және балалар мен жастармен басқа да патриоттық іс-шаралар өткізу үшін Мәліметтер базасы мен материалдар жинағын қалыптастыру.

1401 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *