• Қоғам
  • 16 Қыркүйек, 2021

ТАҚЫРЫПТЫ ИІСКЕЛЕП ЖҮРМІН

Қайсыбір күні «осы бір тақырыпты аяғын аспаннан келтіріп жазу керек екен өзі» деп, отыра қалдым да,  төпеп тастадым. Әуелде ет қызумен аңғармаған екенмін, оның үстіне шабыты құрғыр да асып-тасып, мені жаңа көргендей кетпей қойған соң, тіпті тереңдеп, асыра сілтеп жіберіппін. Бәрі шындық секілді, сонда да өз-өзіме келген соң, қос қолымды иектің астына молынан салып тастап, ойланайын келіп. Тура желке тұсымнан қара көзілдірік киген біреу қадалып тұрғандай көрінді. Содан зәрем зәр түбіне кетсін. Кейінгі кезде Мемлекеттік сыйлық алатындай, тіпті жазғыш боп кетіп едім. Әлгі тақырып біреу-міреудің қолына түсіп қала ма деп,табанда жыртып тастадым. Адамнан айла артыла ма, жыртылғанды біреу бүтіндеп алуы мүмкін ғой деп, темекі тартатыным мұндай жақсы болар ма, Штирлиц құсап, жағып жібердім. Соған өзімше мәз-мейрам болдым. Қанша дегенмен іштен шыққан шұбар жылан ғой, жағып жіберіп, жыламсырайын келіп. Біртүрлі шырылдап шындық жанып жатқан тәрізді. Бөлмеде бір иіс қалды. Әлгі шындықтың иісі болса керек, біртүрлі ащы. Темекі тартсам болды, мұрныма келіп қытықтап, мазамды алады. Бекер жыртқан екенмін. Енді ондай шабыт құсы қайтып келе ме, жоқ па?

Әйтеуір, сол тақырыптың иісі еттің исіндей біртүрлі ыстық тартады да тұрады. Арагідік иіскелеп қоямын, соның өзі тұла бойымды иітуге жарап жатыр.

Тағы бір тақырыптың иісі мұрныма келіп жүр. Енді өлсем де жақпаспын.

Қ.Қаған

 

Суреттерді салған

Қайрат ЖӘЙІРБЕК

НҰР-СҰЛТАН

 

733 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы