• Руханият
  • 16 Қыркүйек, 2021

ОМБЫДА БАР ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ...

Омбы қаласындағы А.С.Пушкин атындағы кітапханада Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды.

Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығының (бұрышының) ашылуы А.С.Пушкин атындағы кітапхананың оқырманына қазақ халқының салт-дәстүрімен, жазуымен және мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Бұл – Қазақстанның жетістіктері, экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік саладағы табыстары туралы әдебиет арқылы баяндаудың тамаша мүмкіндігі. Орталықта тарихи, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттер тақырыбындағы кітаптар ұсынылды. Кездесу барысында Қазақстан және Ресей кітапханалары арасында өзара мәдени және кітапханалық ынтымақтастық, халықаралық кітап алмасу мен  цифрлық, электрондық өзара іс-қимыл мәселелері мүмкіндігін беретін меморандумға қол қойды.

Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министр­лігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінің қолдауымен ашылды. Орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, Ұлы Абайдың, қазақ ақын-жазушыларының Ілияс Жансүгіровтың, Әбіш Кекілбайұлының, Мырзатай Жолдасбековтың, Олжас Сүлейменовтың, Сәуле Досжанның және т.б. қазақ авторларының кітаптары қойылды. Орталықтың ашылуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан тарихын, мәдениеті мен әдебиетін насихаттау мақсатында  Ресей мемлекетінде өтіп жатқан «Бейбітшілік және естелік жолымен» атты халықаралық экспедиция мүшелерінің, зиялы қауым өкілдерінің және кітапханашылардың қатысуымен өткізілді.

А.ҰЛТАНБЕКОВА

 

1057 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы