• Қоғам
  • 16 Қыркүйек, 2021

ЖОЛДАУҒА ЖҮРЕ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын тікелей эфирден мұқият тыңдадым. Әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылу үшін көзіміз ашық, көңіліміз ояу және санамыз еркін болуы шарт. 

Президент Жолдауы жастардың бойындағы азаматтық көзқарасты арттырып, олардың бойындағы патриоттық сезімді оятты. Жастарды дәл бүгінгі өмірге бейімдеп, келешекте өз Отанының шынайы патриоты болуға және Тәуелсіз Қазақстанның өркендеп дамуына өзіндік үлесін қосуға шақырды.

Биылғы 1 қыркүйек – Білім күнімен қатар, Қазақстан Респуб­ликасының Парламент палата­ларының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркен­деуінің берік негізі» Жолдауын арнады. Президент Жолдауының осы бір айтулы мереке күнімен қатар келуі әрине, біз үшін зор қуаныш! Биылғы Жолдау: «Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр.Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз», – деген қуанышты да, тартымды, жанға жылу берер жылы сөздермен басталды. Президент Жолдауының ең басты көрінісі – кең байтақ Тәуелсіз Қазақстан еліндегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық болып табылады. Стратегиялық мақсатымыз – Орта Азиядағы көшбасшылық рөлімізді жоғалтпау екендігі анық.

Ел Президенті Жолдауда Ауған­стан Демократиялық Рес­пуб­­ли­касындағы орын алған жағдайға асқан алаңдаушылық біл­ді­ретіндігін жеткізді. Осы ретте, Қазақстан Республикасының Пре­зиденті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев:

«Келесі мәселе Ауғанстандағы ахуал және жаһандық шиеленістің күшеюі бізге қорғаныс өнеркәсібі кешенін және Әскери доктринамызды толығымен қайта қарауға міндеттейді.

Қорғаныс қабілетімізді ­ны­ғайтып, қауіп-қатерлерге жедел үн қату мемлекеттік маңызы бар басым­дыққа айналуға тиіс.

Біз сыртқы қатерге және оқиғаның қалай өрбуіне де дайын болуымыз керек», – деп қадап айтты. Сонымен қатар Жолдауда ел Президенті сапалы білім беру саласында Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеп жүрген мерзімдік қызметтегі әскери қызметші­лердің білім алып, қандай да бір мамандық иесі атанып қайтуын да қамтыды. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы:

«Мамандық алудың тағы бір мүмкіндігі армияда берілуге тиіс.

Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың экономикадағы нақты сектор үшін қажетті жұмыс­шы мамандығын игеру мәселесін пысықтаған жөн», – деп өзінің ойындағы ұсынысын жеткізді.

Жолдау қорытындысында ел Президенті халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналған бас­тамаларды алға тартады. Онда еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру, қызметкерлерінің еңбекақысын көбейткен жұмыс берушілерге реттелмелі сатып алу жүйесі аясында жеңілдіктер жасалатыны және тұрғын үй мәселелері қамтылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын толық қолдай отырып, аталған құжаттың Тәуел­сіз Қазақстан халқы үшін алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға жұмылдырушы бастама болатындығы сөзсіз. Президент Жолдауының бағыт беруімен Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмалары орындалып, Тәуелсіз Қазақстанның айбынды армиясының жауынгерлік даярлықтағы сапасының жақсаруы жемісті жүзеге асатындығына кәміл сенемін!

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ

 

 

1052 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы